Қазiргi Қазақстандағы исламилық ағымдар қызметі және өзекті мәселелері
Кілттік сөздер:
ислам, дәстүрден тыс исламдық ағымдар, миссио нерлік, терроризм, экстремизм, «Хизб-ут-Тахрир», Салафизм.Аннотация
Мақалада қазiргi таңдағы Қазақстан Республикасындағы ислам
дық ағымдар қызметінің ерекшеліктері және өзекті мәселелері қарас
тырылған. Республика территориясында таралып отырған белсенді
исламдық ағымдардың қоғамға кері әсерлері және ұлттық қауіпсіз
дікке келтіретін салдарлары зерттелген. Миссионерлік қызметте
рін іске асырып жүрген ағымдардың пайда болу тарихы мен Қазақ
стан Республикасындағы қызметі ерекшеліктері кеңінен баяндалған.
Хизб-ут-Тахрир, салафизм сынды ағымдардың республика аумағында
келтірілген зардаптары қарастырыла отырып, қоғамдағы діни сауат
тылық мәселесі көтеріледі. Осы мәселеге байланысты мемлекеттік
органдар тарапынан атқарылған іс-шаралар және қазіргі таңдағы ста
тистика берілген. Сонымен қатар дәстүрден тыс исламдық ағымдар
қызметіндегі психологиялық, әлеуметтік, экономикалық факторлар
қарастырылған және сауалнамалық зерттеу нәтижелері көрсетілген.
Мақалада ортодоксальді ислам ғалымдарының еңбектеріне сүйене
отырып осы ағымдардың жалған діни бағыт екені, сондай-ақ ислам
атынан әрекет етуші саяси топтар деген тұжырым жасалынады. Дәс
түрден тыс исламдық ағымдардың қоғамымызда таралуының негізгі
себептері қарастырыла отырып, алдын алу шаралары ретінде автор
бірнеше ұсыныстар жасайды. Мақала қоғамда экстремистік және
террористік ілімдердің таралуының алдын алуға және Қазақстан Рес
публикасы қоғамында жат исламдық ағымдар туралы терең мәлімет
тер беруге бағытталған.
Библиографиялық сілтемелер
Азии // Вестник КазНУ. Серия философия. Культурология. Политология. – 2014. – №1 (46). – С. 50-61.
2 Smith H. Islаm. Thе Wоrld’s Rеligiоns. – Sаn Frаnciscо, 1991. – 223 р.
3 http://www.din.gov.kz/kaz/presssluzhba/spisok_zaprexhennyx_organizaci/ 18.03.2015 у.
4 Kаrеn Аrmstrоng. Muhаmmаd: Рrорhеt fоr Оur Timе. – Lоndоn, 2006. – Р. 34.
5 Аhmеd L. Wоmеn аnd thе Аdvеnt оf Islаm. Signs. Summеr. – 1986. – 668 р.
6 Stоvаssеr B.F. Thе Stаtus оf Wоmеn in Еаrly Islаm / in Hussеin. – Nеw Yоrk: Muslim Wоmеn, 1984. – Р. 15-17.
7 Қазақстан Республикасында «Хизб ут-Тахрир-аль-Ислами» ұйымының қызметіне тыйым салынған. Қызылорда облысы–
2009 //httр://www.рrоcurоr.kz/?tyре=nеws&s2id=96&sid=217&рid=119&iid=16&lаng=kz&nid=3770
8 Хизб ут-Тахрир Қазақстанда бой көрсете бастады // httр://www.аzаttyq.оrg/cоntеnt/аrticlе/24649100.html. 18.07.2012.
9 Хизб-ут-тахрир. – 2012, nоvеmbеr – 7. // httр://еlsаkshy.kz/еxclusivе/113.html.
10 http://e-islam.kz/dini-radikalizm-qauipteri/item/898-eislam
11 http://azan.kz/article/show/id/4600.html12 http://dinislam.kz/publ/adasqan_agymdar/11-1-0-379
13 Абжалов С.У. Ханафи мазһабының діни-философиялық негіздері: фил. канд. ғыл. ... дис. – Алматы, 2008. –101 б.
14 Лама Қ. Шариф. ҚР Дiн iстерi агенттiгiнiң баспасөз қызметi. – 2013 // httр://www.islаm-оrkеniеt.kz/?р=4452.
15 Дүйсенбаева А.Қ. Қазақстан Республикасындағы тыйым салынған діни ұйымдар // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы.
Философия. Мәдениеттану. Саясаттану сериясы. – 2012. – №2(39). – 74-79 бб.