Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі - адами капиталды дамытудың негізі
Аннотация
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен еліміз қоғамдық сананы рухани жаңғыртуды жүзеге асыруда. Рухани жаңғыру көп салалы құбылыс, қоғам өмірінің түрлі бағыттарын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық мүддені қорғау сияқты маңызды мәселелермен тығыз байланысты. Ғылыми-зерттеудің мақсаты – Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді рухани жаңғыру мен адами капиталды дамытудың негізі ретінде талдау. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі өзекті саяси мәселелердің қатарына Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, рухани жаңғыруға ықпал ету жатады. Өйткені, рухани жаңғыру ішкі-сыртқы көші-қонның қызу үдерісі жағдайында жүруде. Бұл мәселені саясаттанулық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы күмән тудырмайды. Зерттеудің әдіснамалары салыстырмалы және жүйелі, контент және ивент талдауларға негізделген. Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары: Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі мен рухани жаңғыруының өзара байланысын, мәселелері мен ерекшеліктерін танып-білу, ғылыми нәтижелері рухани жаңғыру аясындағы адами капиталды дамытуға көмектеседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы – Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосады.Жүктелулер
Как цитировать
Мұсатаев, С. Ш., & Мейранов, С. А. (2018). Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігі - адами капиталды дамытудың негізі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 63(1), 218–224. вилучено із https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/424
Шығарылым
Бөлім
ПОЛИТОЛОГИЯ