Саяси индоктринацияны зерттеудің ғылыми тәсілдерінің эволюциясы: тұжырымдамалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp951202612Аннотация
Мақалада саяси индоктринацияны зерттеудегі ғылыми тәсілдерге тұжырымдамалық талдау жасалады. Терминологиялық алақұлалықты еңсеру және аталған феноменді кешенді түсіну мақсатында авторлар төрт тәсілді қолданады: институционалдық, субстанционалдық, социологиялық және телеологиялық. Зерттеу нәтижесінде саяси индоктринация идеологияның эмоциялармен, мәдениетпен және институционалдық рәсімдермен астасып жатқан көп деңгейлі процесс екендігі анықталды. Идеологияның қуаты индоктринацияның тиімділігімен емес, режимнің оны күнделікті тәжірибеге кіріктіру қабілетімен айқындалатыны негізделген. Осылайша, индоктринация арқылы жүзеге асырылатын саяси бақылау монолитті стратегия емес, түрлі институттардың (соның ішінде діни бірлестіктердің) саяси кеңістікке бейімделуінің динамикалық процесі болып табылады.
Түйін сөздер: индоктринация, идеология, саяси бақылау, насихат.







