Қазақстанның мәдени ландшафтындағы әйелдер тас мүсіндері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp9942025
        41 0

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның мәдени ландшафтында кездесетін әйел сипатындағы антропоморфтық тас мүсіндер ғылыми тұрғыда қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көне және ортағасырлық дәуірлерде жасалған әйел тас мүсіндерінің семантикалық, тарихи және мәдени ерекшеліктерін анықтау. Авторлар көшпелі мәдениеттің қалыптасуы аясында бұл артефактілердің кеңістікте орналасуы мен атқаратын рөлін талдай отырып, олардың сакралды мәні мен әлеуметтік маңызын ашады.

Зерттеудің нысаны – Қазақстандағы антропоморфтық әйел бейнесіндегі тас мүсіндер. Зерттеу пәні – бұл мүсіндердің бейнелеу ерекшеліктері, кеңістіктегі орналасуы, тарихи контексте алатын орны.

Мақалада археологиялық және этнографиялық деректер негізінде әйел мүсіндерінің кең ауқымды тізілімі жасалған. Зерттеу әдіснамасы ретінде тарихи-салыстырмалы, археологиялық-типологиялық және мәдениеттанулық талдау тәсілдері қолданылды. Жұмыс нәтижесінде әйел тас мүсіндерінің ежелгі қазақ қоғамындағы ана культі, құнарлылық және әйелдің қасиетті мәртебесімен байланысы нақты дәлелдермен көрсетілді. Бұл зерттеу көшпелі қоғамдардың рухани дүниетанымын терең түсінуге мүмкіндік береді және қазақ мәдени мұрасын жүйелеуге маңызды үлес қосады. Авторлар ұсынған тізілім мен талдаулар әйел мүсіндерінің қазіргі зиярат ету тәжірибесіндегі орнын да айқындайды. Мақала нәтижелері этнография және мәдениеттану салаларындағы ғылыми-зерттеу және мұражайлық жұмыстарда практикалық қолданысқа ие.

Түйін сөздер: әйел тас мүсіндері, бәдіз, балбал, мәдени ландшафт, этнография

Авторлардың биографисы

M.T. Уксукбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, E-mail: mery-7878@yandex.kzБ

Х.А. Шимшек , Кастамону университеті, Кастамону, Түркия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, E-mail: mery-7878@yandex.kz

Философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Философия кафедрасы, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіБ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан, e-mail: imu.kz@mail.ru

М.С. Саркулова , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан, Философия ғылымдарының кандидаты, доцент, E-mail: s@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Уксукбаева M. ., Шимшек , Х. ., Исаева , М., & Саркулова , М. (2026). Қазақстанның мәдени ландшафтындағы әйелдер тас мүсіндері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 94(4), 96–114. https://doi.org/10.26577/jpcp9942025