Қазіргі қоғамдағы құндылықтық қайшылықтар жағдайындағы әділеттілік мәселесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp95120263

Аннотация

Мақалада авторлар қазіргі қоғамдағы даулы құндылықтар жағдайында әлеуметтік құрылымның іргелі қағидасы ретінде әділеттілік мәселесін қарастырады. Зерттеудің өзектілігі жаһандық әлемдегі құндылықтардың поляризациясының күшеюімен байланысты, бұл қоғамдық институттардың қалыптасуына және қоғамдағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Қазіргі заманда әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар көбінесе әділеттіліктің әртүрлі түсіндірмелеріне байланысты туындайды. Бұл үдеріс экономикалық теңсіздік, мәдени және діни алуандылық, сондай-ақ технологиялардың қарқынды дамуы сияқты факторлармен одан әрі күрделене түседі. Мұндай жағдайлар қоғамның бірігуі мен тұрақтылығына ұмтылысын қиындатады. Мақаланың мақсаты – қазіргі жағдайдағы әділеттілік ұғымын түсіндіру тәсілдерін талдау және құндылықтық плюрализм жағдайында оны қамтамасыз ету жолдарын анықтау. Мақсатқа жету үшін авторлар пәнаралық әдіснаманы қолданды. Атап айтқанда, әділеттілік теориясы бойынша классикалық философтар мен қазіргі заманғы зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, талдау, синтез және салыстырмалы зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері әділеттілік мәселесі жеке құқықтар мен ұжымдық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ мәдени және идеологиялық алуандылықты ескеруге тікелей байланысты екенін көрсетті. Мақалада қоғамдық институттар деңгейінде шешім қабылдау кезінде әртүрлі көзқарастарды ескеруге мүмкіндік беретін тұжырымдамалық модель ұсынылды. Қорытындысында авторлар әділеттілік мәселесін шешуде диалог, өзара құрмет пен ымыраға негізделген интегративті тәсілдің қажеттілігін негіздейді. Болашақта бұл тәсіл қоғамдағы шиеленістерді төмендетуге және орнықты дамудың алғышарттарын жасауға ықпал етуі мүмкін.

Түйін сөздер: әділеттілік, әлеуметтік үйлесім, адамгершілік қағидалар, заманауи құндылықтар, орнықты даму, жаһандану.

Авторлардың биографисы

Ә. Н. Абу , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ж. А. Алтаев, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

А. Ташкын, Хаджи Байрам Вели университеті, Анкара, Түркия

PhD, қауымдастырылған профессоры, Хаджи Байрам Вели университеті

Как цитировать

Абу , Ә. Н. ., Алтаев, Ж. А., & Ташкын, А. (2026). Қазіргі қоғамдағы құндылықтық қайшылықтар жағдайындағы әділеттілік мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 95(1). https://doi.org/10.26577/jpcp95120263