Цифрлық дәуірдің демократиялық құндылықтардың тұрақтылығына төндіретін қауіптері мен сын-қатерлері саяси философия тұрғысынан

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp95120262

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі қазіргі кезеңдегі цифрлық трансформация жағдайында демократиялық құндылықтардың тұрақтылығын қайта пайымдау қажеттігімен айқындалады. Цифрлық платформалардың, алгоритмдік жүйелердің және медиатизацияланған коммуникация арналарының күшеюі еркіндік, субъективтілік және жариялылық ұғымдарының дәстүрлі мағынасының өзгеруіне әкеледі, бұл олардың жаңа контексттерін философиялық тұрғыда зерделеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты – демократиялық құндылықтардың цифрлық ортада тұрақты сақталуын теориялық негізде дәлелдеу және оларды алгоритмдік басқару, ақпараттық делдалдық пен жария кеңістіктің құрылымдық өзгерістері жағдайында қорғаудың бағыттарын анықтау. Зерттеу әдіснамасы ретінде салыстырмалы-тарихи және герменевтикалық талдау қағидаттары, сондай-ақ саяси философия, медиа теориясы мен цифрлық этика жетістіктерін біріктіретін пәнаралық тәсіл қолданылды. Зерттеу барысында еркіндіктің басқарылатын таңдау ретінде, субъектіліктің цифрлық құрылым ретінде және жариялылықтың алгоритмдік сүзгіден өткен коммуникациялық ағын ретінде трансформацияға ұшырағаны анықталды. Демократиялық қатысудың цифрлық дәуірдегі тетіктері тек азаматтық ерік пен ниетке ғана емес, платформалар архитектурасы мен алгоритм логикасына да тәуелді екені дәлелденді. Индивид автономиясының әлсіреуі, саяси поляризацияның күшеюі, институционалдық сенімнің әлсіреуі және цифрлық қатысуға тең қолжетімділіктің шектелуі демократиялық институттарға төнетін негізгі қатерлер ретінде сипатталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - цифрлық демократияның философиялық және инфрақұрылымдық аспектілерін кешенді түрде зерделеу арқылы базалық құндылықтарды қорғауға бағытталған нормативтік бағдарларды ұсынуында. Алдағы зерттеулердің перспективалары цифрлық өзін-өзі басқарудың этикалық-құқықтық үлгілерін әзірлеу, платформалық реттеу тәжірибелерін салыстырмалы талдау және саяси философия ұғымдарын цифрлық өзара әрекеттесу жағдайында нақтылау болып табылады.

Түйін сөздер: цифрлық субъектілік, алгоритмдік делдалдық, платформа құрылымы, ақпарат сүзгілері, саяси коммуникация, цифрлық құқықтар, нормативтік үлгілер, ашық өзара іс-қимыл

Авторлардың биографисы

Ж. Т. Қаниятов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторантPhD докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан, email: qaniyatov@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0009-0000-7490-481X

Б. М. Аташ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

философия ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, email: atash_berik@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0003-3431-748X

Д. С. Раев, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,Алматы қ.,Қазақстан

Doctor of Philosophical Sciences, professor, Abylai Khan Kazakh University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan, raev_53@mail.ru,
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-7630-5167.

Как цитировать

Қаниятов, Ж. Т. ., Аташ, Б. М. ., & Раев, . Д. С. . . (2026). Цифрлық дәуірдің демократиялық құндылықтардың тұрақтылығына төндіретін қауіптері мен сын-қатерлері саяси философия тұрғысынан. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 95(1). https://doi.org/10.26577/jpcp95120262