Қазіргі заманғы сана философиясы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp95120264

Аннотация

Ғылымның барлық салаларындағы заманауи жаңалықтар адамды және оның санасын зерттеудің жаңа қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етуде. Адам ақыл-ойы мәселесіне арналған теориялар көп болғанымен, сананың географиялық және мәдени ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары әлі де толық зерттелмеген. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – Батыс және Шығыс философияларындағы сана түсінігін салыстырмалы тұрғыдан талдау. Зерттеу барысында талдау, синтез, жалпылау, индукция, салыстырмалы және контент-талдау сияқты жалпы ғылыми және арнайы әдістер қолданылды. Сана мәселесін түсіндіру үшін Батыс пен Шығыс философиясының өкілдерінің еңбектері сарапталды. Ислам философиясында ислам монотеизмінің ерекшеліктері мен ойлау мен тәннің арақатынасы қарастырылды. Ал Батыс философиясында Д. Хофштадтердің сана мәні мен «өзіндік модель» тұжырымы, Д. Чалмерстің сана элементтері теориясы негізге алынды. Зерттеу нәтижесінде Батыс және Шығыс философиялық мектептеріндегі сана түсіндіру тәсілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталып, авторлық аналитикалық қорытынды жасалды. Мақаланың практикалық маңызы – салыстырмалы талдау әдісі арқылы әр қоғамның құндылықтық негіздерін салыстыру нәтижелерін алуда.

Түйін сөздер: салыстырмалы зерттеулер, сана элементтері, ой тәжірибелері, ақыл мен материяның арақатынасы, исламдық сана, жасанды интеллект.

Авторлардың биографисы

С.М. Джалмагамбетова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан

PhD докторанты, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті.университеті, Астана,  Қазақстан

А.Р. Озкан, Анкара университеті, Анкара, Түркия

т.ғ.докторы,  профессор, Анкара университеті , Анкара , Турция, Orcid id: 0000-0002-7710-5471

Как цитировать

Джалмагамбетова, С., & Озкан, А. . (2026). Қазіргі заманғы сана философиясы: . ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 95(1). https://doi.org/10.26577/jpcp95120264