Ұлттық бірегейлікті сақтаудағы Қазақстан халқы ассамблеясының орны мен рөлі

Авторлар

  • Ж.Ж. Хассиетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-4119-6919
  • Г.Н. Билялова Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті “Қоғамдық келісім” РММ, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0001-9107-2688

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259337
        51 25

Аннотация

Бұл зерттеуде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ұлттық бірегейлікті сақтау және этносаралық келісімді қамтамасыз ету үдерісіндегі орны мен рөлі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі – жаһандану мен әлеуметтік трансформациялар жағдайында ұлттық, азаматтық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастарды үйлестіру және этномәдени әртүрлілікті сақтау қажеттілігімен айқындалады. Қазақстан халқы Ассамблеясы – этностардың интеграциясына және біртұтас қазақстандық азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал ететін бірегей қоғамдық-саяси институт ретінде танылады. Зерттеудің мақсаты ұлттық бірегейлікті сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін анықтау және талдау, сондай-ақ оның халықаралық тәжірибені, атап айтқанда Түркия Республикасын ескере отырып, полиэтникалық кеңістікті қалыптастыруға әсерін бағалау болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі жүйелік және институционалдық тәсілдердің принциптері болып табылады. Әдістер ретінде эмпирикалық деректерді салыстырмалы талдау, сауалнама жүргізу, сандық және сапалық талдау, сондай-ақ ҚХА мен осыған ұқсас шетелдік институттардың қызметін реттейтін құқықтық және стратегиялық құжаттарды аналитикалық түсіндіру пайдаланылды. Жұмыс шеңберінде Түркиямен салыстырмалы талдау жүргізіліп, сол елдің әлеуметтік институттары арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау тетіктері зерделенеді. ҚХА мен Түрік елінің әлеуметтік ұйымдары жұмысының қоғамды шоғырландыруға бағытталған құқықтық, мәдени және институционалдық аспектілері қаралады.

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің қоғамдық қабылдануына ерекше назар аударылады. Бұл аспект іргелі әлеуметтік зерттеу арқылы азаматтардың ҚХА жұмысының тиімділігіне, этносаралық қатынастарды үйлестіруге және этномәдени әртүрлілікті сақтауға қосқан үлесін бағалауға негізделген сауалнама арқылы талданады. Сондай-ақ, ҚХА-ның негізгі қызмет бағыттары мен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы даму болашағы сипатталады. Зерттеу нәтижелері ҚХА-ға деген қоғамдық сенім деңгейін бағалауға және оның болашақтағы ықтимал жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелердің негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы көпшіліктің көзқарасы бойынша этносаралық келісімді нығайтудың және жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде танылатындығы туралы қорытынды жасауға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы – алынған тұжырымдарды мемлекеттік ұлттық саясатты қалыптастыруда және көпэтносты қоғамдағы диалогтың институционалдық үлгілерін дамыту жолында қолдану болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – Түркия Республикасындағы ұқсас институттармен салыстырмалы талдау жүргізуінде және ҚХА қызметінің тиімділігіне қатысты қоғамдық пікірді көрсететін әлеуметтік сауалнама деректерін пайдалануында көрініс табады. Бұл зерттеу ҚХА-ның қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда атқаратын миссиясының маңызын айқындауға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: Қазақстан халқы Ассамблеясы, әлеуметтік мәдени институт, Түркия, ұлттық бірегейлік, мәдени бірегейлік, этносаралық келісім, мәдени әртүрлілік, азаматтық бірлік.

Қысқартулар: ҚХА, ҚР, ТМД.

Авторлардың биографисы

Ж.Ж. Хассиетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты, Алматы, Қазақстан; https://orcid.org/0009-0003-4119-6919

 

Г.Н. Билялова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті “Қоғамдық келісім” РММ, Алматы, Қазақстан

философия ғылымдарының докторы, Алматы, Қазақстан; https://orcid.org/0009-0001-9107-2688

Жүктелулер

Как цитировать

Хассиетова, Ж., & Билялова, Г. . (2025). Ұлттық бірегейлікті сақтаудағы Қазақстан халқы ассамблеясының орны мен рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 93(3). https://doi.org/10.26577/jpcp20259337