Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp95120266

Аннотация

Бұл мақалада миф пен бейнелеу өнерінің арақатынасы визуалды танымның философиялық табиғаты тұрғысынан қарастырылады. Миф архаикалық баяндау формасы ретінде емес, болмысты мағыналандыратын онтологиялық құрылым және танымның архетиптік моделі ретінде түсіндіріледі. Ал бейнелеу өнері – осы құрылымның көркем репрезентациясы және болмысты пайымдаудың дербес эпистемологиялық формасы ретінде негізделеді.

Зерттеу барысында Ә. Бақтыгерей, С. Бәпішев, С. Бектияр және Б. Түлкиев шығармалары талданып, мифтік архетиптер мен ұлттық кодтардың заманауи көркем тілдегі көріністері мен интерпретациясы талданады. Мақалада постмифтік сана, визуалды таным, архетип пен символдың көркемдік семантикасы философиялық дискурс деңгейіне көтеріледі.  Сонымен қатар өнердің эстетикалық форма ретіндегі, дүниетанымдық және экзистенциалдық мазмұн тудыратын метатіл ретіндегі қызметі айқындалады.

Мақалада миф көркем репрезентация арқылы болмысты танудың дербес онтологиялық-эпистемологиялық формасы ретінде қарастырылады. Ал көркем бейне эстетикалық объектіден гөрі мағына өндіретін философиялық құрылым ретінде пайымдалады. Осы тұрғыдан алғанда, бейнелеу өнері тек мәдени феномен емес, болмысты ұғынудың және танымдық тәжірибені құрылымдаудың ерекше философиялық тетігі ретінде сипатталады. Алынған нәтижелер миф, символ және визуалды таным мәселелерін зерттейтін қазіргі философиялық және эстетикалық теорияларды нақтылай отырып, философия, өнертану және мәдениеттану саласындағы пәнаралық зерттеулер үшін теориялық негіз бола алады. 

Түйін сөздер: миф, визуалды онтология, көркем репрезентация, архетип, визуалды эпистемология, мәдени жады, постмифтік сана, болмыстың репрезентациясы

Авторлардың биографисы

С.Б. Сырғабаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Казахстан

PhD докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих және әлеуметтік ғылымдар институты, Философия кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: picasso_91@mail.com).

Д.У. Құсайынов, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Философия ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы, Алматы, Қазақстан,

Кәрімқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Казахстан

заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: zaure567@yandex.ru).

Дюсенқызы, Шакарим атындағы университеті, Семей, Казахстан

PhD доктор, аға мұғалим, Шакарим атындағы университеті, экономика және коммуникация жоғары мектебі (Семей қ., Қазақстан, e-mail: t_aliya_79@mail.ru).

Как цитировать

Сырғабаев, С. ., Құсайынов, Д. ., Аюпова, З. ., & Толысбаева, А. . (2026). Миф пен бейне визуалды танымның онтологиялық және эпистемологиялық өлшемдері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 95(1). https://doi.org/10.26577/jpcp95120266