Рухани құндылықтар динамикасын өңірлік мәдениет контексінде талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259339Аннотация
Бұл зерттеу Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі құндылықтар жүйесінің мәдени динамикасын зерделеуге бағытталған. Қазіргі қоғамда орын алып отырған құндылықтық бағдарлар өзгерісі мәдениеттану саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Зерттеу мақсаты өңірлік деңгейде рухани құндылықтар жүйесінің трансформациялану үдерісін, оның себеп-салдарын, құрылымдық ерекшеліктерін және мәдени-әлеуметтік кешенді түрде талдау.
Зерттеу барысында мәдениеттанулық, әлеуметтік және психологиялық бағыттарды ұштастыратын пәнаралық әдіснама, эмпирикалық база ретінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жүргізілген сауалнама нәтижелері және бақылау деректері пайдаланылды.
Алынған нәтижелер қазіргі қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарға, оған ықпал етуші ішкі және сыртқы факторларды, сондай-ақ ұлттық психологияда орныққан мінез-құлық элементтерін жүйелі түрде зерделеуге мүмкіндік берді. Бұл қоғамның мәдени тұтастығына, әлеуметтік келісім мен рухани тұрақтылыққа әсер ететін маңызды көрсеткіштер болып табылады.
Зерттеу қорытындылары құндылықтар жүйесіндегі ішкі қайшылықтарды түсінуге, рухани бағдарлар құрылымындағы өңірлік ерекшеліктерді анықтауға, және осы ерекшеліктерді негізінде тиімді мәдени саясат қалыптастыруға ықпал етеді. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді мәдениетаралық диалогты дамытуда, рухани жаңғыру стратегияларын өңірлік деңгейде бейімдеуде және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Түйін сөздер: мәдениет, құндылық, рухани дағдарыс, әлеуметтік факторлар, мәдени трансформация, эмпирикалық зерттеу.
