Қазақстандағы сән индустриясы: мәдени жаһандану жағдайындағы зерттеулер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259229
        192 62

Аннотация

Бұл мақала дәстүрлі мәдени мұра мен жаһандық әсерлердің өзара әрекеттесуін талдай отырып, мәдени жаһандану жағдайында Қазақстандағы сән индустриясының эволюциясын қарастырады. Сәндік медианы контентті талдау және тарихи шолу арқылы зерттеулер қазақ мотивтерінің заманауи дизайнмен үйлесу және бірігу үрдісін көрсетеді. Тұрақтылық пен цифрлық платформалар жаһандану үрдісі әсерінің негізгі драйверлері ретінде пайда болуда. Зерттеу нәтижелері жаһандық интеграция елдің инновациялар мен экономикалық өсуіне ықпалын көрстекенімен, мәдени бірегейлік үшін кедергілер туғызатынын меңзейді. Жаһандану инновацияларды ілгерілету және инвестиция тарту арқылы экономикалық өсуге түрткі болғанымен, зерттеу модернизация мен мәдениетті сақтау арасындағы шиеленісті көрсетеді. Мұраны гомогенизациялау және коммерцияландыру тәуекелдері бізді жаһанданған нарық жағдайында бірегейлік туралы ойлануға итермелейді. Осы динамикаларды қарастыра отырып, мақала посткеңестік елдердің бір мезгілде өздерінің мәдени мұраларын қалпына келтіре отырып, жаһандық интеграцияға қалай ұмтылып жатқаны туралы түсінік беру арқылы мәдени жаһандану туралы кеңірек пікірталастарға үлес қосады. Сайып келгенде, Қазақстанның сән ландшафты өзара тәуелді әлемде тұрақтылық, дәстүр мен заманауилықты теңестіретін микроәлем ретінде қарастырылады. Зерттеу посткеңестік елдердің, оның ішінде Қазақстанның, жаһандық және ұлттық даму динамикасының бағытын айқындай отырып мәдени жаһандану туралы пікірталасқа үлес қосады.

Түйін сөздер: Қазақстандық сән, мәдени жаһандану, сән индустриясы, дәстүрлі киім, тұрақты сән, глокализация

Авторлардың биографисы

П.M. Сариева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану
факультеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: реrіzаt_sm@mаіl.ru)

А.К. Абишева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті
(Алматы, Қазақстан, e-mail: abishevaliya@mаіl.ru)

Р. Снеллер , Терең Психология Академиясы, Зутермер Нидерланды

PhD профессор, Терең психология академиясы (Зутермер қаласы, Нидерланды, e-mail: h.w.sneller@ gmail.com)

С.C. Уралбаев , Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы, Қазақстан


аға оқытушы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Алматы, Қазақстан,
e-mail: uralbaev.s@ablaikhan.kz)

Қ.С. Ермағамбетова , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия
кафедрасының доценті м.а. (Астана, Қазақстан, e-mail: quralai.sergabylqyzy@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Сариева P. ., Абишева A. ., Снеллер R. ., Уралбаев S. ., & Ермағамбетова K. . . . (2025). Қазақстандағы сән индустриясы: мәдени жаһандану жағдайындағы зерттеулер. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 92(2), 104–112. https://doi.org/10.26577/jpcp20259229