Қазақ және түркі халықтарының мәдениетіндегі бесіктің рөлі мен маңызы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259228
        173 50

Аннотация

Зерттеу мақаласы қазақ және түрік халқының ағаш өңдеу өнерінің бір саласы мен осы халықтардың мәдени дәстүрінің символы ретіндегі бесіктің тарихи орны, өткені мен бүгінгі өзгерісіне арналған. Бесік заттық мәдениеттің нысаны ретінде тек күнделікті тұрмыста пайдаланылатын қарапайым бұйым ғана емес, ұрпақтар арасында халықтың дүниетаныма, салт-дәстүріне қатысты сакралды ақпаратты тасымалдайтын символық мәдениет. Жаһандану мен дәстүрлі өмір салтының өзгерісі жағдайында бесікті зерттеу оған қатысты тарихи-мәдени деректерді сақтап, қазіргі қоғамдағы материалдық мәдениеттің рөліне баға беруге мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің өзектілігін көрсетеді. Осы тұрғыда зерттеуде қазақ және түрік халықтарының ағаш өңдеу өнері мен бесік жасау ісі келесідей үш түрлі аспектіде қарастырылады: қазақ және түрік халықтарының ағаш өңдеу өнерінің бір саласы ретіндегі бесікті жасаудың байырғы техникалары мен әдістері; қазақ және түрік халықтары қолөнершілерінің бесікті әрлеу техникалары мен жабдықтаудағы ерекшеліктері; бесіктің қазақ және түрік халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі орны: өткені мен бүгіні. Осы аспектілерді зерттеу барысында этнографиялық зерттеу әдісі, соның ішінде контент-анализ және әңгімелесу тәсілдері қолданылды. Нәтижесінде қазақ және түрік халықтары көне түркілік мәдениеттен тарағанымен олардың бастан кешірген отарлау және жаһандану үрдістерінің бесіктің мәдени мұра ретінде сақталуына әртүрлі әсер етіп жатқаны анықталды. Екі халықтың ағаш өңдеу өнеріндегі бесіктің жасалу техникасының өткені мен бүгіні салыстырылып, бесікке қатысты мәдени танымның өзгергені анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы: қазақ және түрік халықтары қолөнершілерінің бесікті жасаудың, оны безендірудің байырғы және қазіргі техникалары мен әдістері, сондай-ақ осы екі халықтың тарихы мен мәдениеттегі орнына қатысты анықталған ақпараттар мен талданған тұжырымдар этнография, мәдениеттану саласындағы зерттеушілерге аса пайдалы болуында. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде анықталған қазақ және түрік халықтарының арғы ата-бабаларынан келе жатқан бесікті жасау және безендіру ерекшеліктері, қазақ, түрік ою-өрнектерінің қолданылу ерекшеліктеріне, семиотикалық заңдылықтарына контент-анализ жүргізіліп, бесікке салынатын ою-өрнектерге қатысты нақты практикалық ұсыныстар дайындалды.

Түйінді сөздер: ағаш өңдеу өнері, бесік, этнографиялық зерттеу, заттық мәдениет, мәдениеттану.

Авторлардың биографисы

M.M. Мағзұмов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доктаранты, (Алматы қаласы, Қазақстан, эл.пошта: maksat.magzum@bk.ru);

Ә.А. Мұханбет , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушышы, филосафия ғылымдарының кандидаты (Алматы қаласы, Қазақстан, эл.пошта: Asemm81@mail.ru);

Х. Сара, Тренто универсиеті, Тренто, Италия

доктор PhD, Тренто университетінің қауымдастырылған профессоры, Бруно Кесслер қоры, (Рим, Тренто Университеті, Италия, e-mail: hejazi@fbk.eu)

Жүктелулер

Как цитировать

Мағзұмов M. ., Мұханбет A., & Сара H. (2025). Қазақ және түркі халықтарының мәдениетіндегі бесіктің рөлі мен маңызы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 92(2), 83–103. https://doi.org/10.26577/jpcp20259228