Ұрпақ уақыты: салыстырмалы трендтер және трансформациялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259112
        97 112

Аннотация

Мақалада ұрпақтық кагорталардың қоғамдық ролі мен мәдени жағдайының маңыздылығы зерттелді. Әрбір жаңа ұрпақтық кагортаның пайда болуымен мәдени шарттар өзгеріске түсіп, әлеуметтік-мәдени формалардың, практикалардың (габитус) ауысуы орын алады. Бұл ұрпақтық ауысудағы мәселе ұрпақтардың өзінде емес, олардың бір қоғамдық және саяси кеңістікте үш ұрпақтың қатар өмір сүру идеяларының қақтығысына негізделген. Ұрпақтық дискурс – күнделікті және әлеуметтік өмірде формаларды түйсіну мен өзгерудің бастапқы онтологиялық және антропологиялық идеяларға, оның ішінде адамның идеясына дәнекерленген. Қазіргі заманғы постинудстриалды қоғамдарда ұрпақтардың бір біріне қарама-қарсылығының әлеуметтік-ментальды линиясы технологиялық өзгерістердің генезисі мен мазмұнын түсінбеудің салдарынан орын алады. Ал дәстүрлі қоғамдарда бұл процесс дамудың құралы ретінде карнавалды сананың көрінісімен ғана, девиацияға қарсы тұлғаның әлсіздігімен сипатталады. Сондықтан еркіндіктің экзистенциалды ізденісі адамның мән ретіндегі роліне немқұрайлы көзқараспен, ұрпақтық сабақтастықтағы қайшылықтың үзілумен орын алады. Бұл қазақстандық қоғамда діни консерватизмнің күшейуі, тұлғаның моралдық деградациясы, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне бейімделу. Бұл теріс әрекеттер бейболмыс сферасына тән.

Түйін сөздер:   ұрпақ уақыты, қоғамның әлеуметтік-саяси дамуы, болмыс, ұрпақтық кагорталар.

Авторлардың биографисы

Т.Е. Тұмашбай, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

(корреспондент автор) - PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Философия» кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Шымкент, E-mail: erkinulyt@mail.ru).

Б.Б. Мейірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық университеті

философия ғылымының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қазақстан, Алматы).

С.А. Мажинбеков, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

философия ғылымының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Саясаттану» кафедрасының доценті (Қазақстан, Шымкент, E-mail: majin@mail.ru).

Т.О. Аманқұл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан, Алматы).

Жүктелулер

Как цитировать

Тұмашбай, Т., Мейірбаев, Б. ., Мажинбеков, С., & Аманқұл, Т. (2025). Ұрпақ уақыты: салыстырмалы трендтер және трансформациялар. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 91(1), 17–33. https://doi.org/10.26577/jpcp20259112