Қоғамдық сананың трансформациясы мен технологиялық прогрестің Қазақстанның музыкалық мұрасын қабылдауға әсері

Авторлар

  • A.С. Байтанаев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-8050-5901
  • Д. Мұсахан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0006-6411-3997

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp8942025
        26 0

Аннотация

Мақала заманауи қоғамдағы мәдени трансформация аясында қазақ музыкалық шығармашылығы философиясын зерттеуге арналған. Цифрлық өркениет дәуіріне қадам басқан кезде қазақтың музыкалық дәстүрі жаһандану мен технологиялық өзгерістер жағдайында өзінің бірегейлігін сақтау мәселесімен бетпе-бет келеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының музыкалық мәдениетінің трансформация бағыттарын анықтау және оны мәдени коммуникация мен этникалық бірегейлікті сақтаудың құралы ретінде түсіндіру. 

Ғылыми зерттеу мәдениеттану, музыкатану, философия, ақпараттық технологиялар және педагогика әдіснамаларын біріктіретін пәнаралық тәсілге негізделген. Мазмұндық талдау, салыстырмалы-тарихи және жүйелік талдау әдістері, сондай-ақ мәдениеттегі өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерін зерттеуге бағытталған синергетикалық тәсіл қолданылды. 

Зерттеу бағыттары: музыкалық өнердің өмір сүру формаларына цифрландырудың әсерін талдау; ақпараттық қанығу жағдайында музыкалық жадының қайта ойластырылуы; музыкалық-компьютерлік технологияларды қолдану кезінде музыканы қабылдау ерекшеліктерін зерттеу; қазақ музыкалық дәстүрін сақтау мен дамытудағы жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді бағалау. 

Зерттеу нәтижесінде қазақ музыкалық шығармашылығының цифрлық дәуірде екіұдай үдеріс жағдайында екендігі анықталды: бір жағынан, түпкілікті болмысты жоғалту қаупі байқалады, екінші жағынан, дәстүрлі мәдениетті цифрлық коммуникация арналары арқылы қайта жандандыру мүмкіндіктері ашылады. Цифрландыру көркемдік репрезентацияның жаңа формаларының – цифрлық мұрағаттардың, виртуалды концерттердің, цифрлық опералардың және өнер тоғысындағы синтетикалық жобалардың пайда болуына ықпал етеді. 

Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазақ музыкалық өнерін жаңа ақпараттық жағдайларда бейімделе алатын және эволюцияланатын тірі коммуникативтік мәдени код ретінде түсіндірудің теориялық моделін жасауда. Практикалық маңыздылығы – ұлттық музыкалық мәдениетті сақтауға бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, қазақ музыкалық мұрасын дәріптеуге арналған цифрлық платформаларды жобалауда, сондай-ақ мәдени саясат пен арт-менеджментте алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігінде көрініс табады. 

Негізгі нәтижелер қатарында – цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып дәстүрлі өнер формаларына терең бойлау үшін музыкалық қабылдаудың полимодальдылығы концепциясын негіздеу; клиптік ойлау мен ақпараттық артықшылық дәуірінде музыкалық жадының трансформация механизмдерін талдау аталды. 

Қорытындыда қазақ музыкалық шығармашылығының философиясы мәдени трансформациялар призмасы арқылы қарастырылғанда өзектілігін сақтап қана қоймай, цифрлық шындықта өмір сүрудің жаңа формаларын да иеленетіні атап өтіледі. Зерттеу отандық мәдениеттану ғылымының дамуына үлес қосып, цифрлық әлеуметтену мен өнер философиясы салаларындағы болашақ зерттеулерге жол ашады.

Түйін сөздер: әлеуметтiк-мәдени трансформация, өнерді цифрландыру, клиптік ойлау, рәміздердің инфляциясы, қабылдаудың полимодальдылығы

Авторлардың биографисы

A.С. Байтанаев, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы, Қазақстан

докторант, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: alibekbaitana@mail.ru)

Д. Мұсахан, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы, Қазақстан

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер кафедрасының аға оқытушысы 

Жүктелулер

Как цитировать

Байтанаев A. ., & Мұсахан, Д. (2026). Қоғамдық сананың трансформациясы мен технологиялық прогрестің Қазақстанның музыкалық мұрасын қабылдауға әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 94(4), 80–95. https://doi.org/10.26577/jpcp8942025