Жабайы жылқыны қолға үйретуден цирктік перформативтілікке дейін: қазақ даласындағы арғымақ өнерінің мәдени-тарихи қалыптасуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp6942025Аннотация
Бұл мақалада Қазақ даласында жабайы жылқыны қолға үйретудің мәдени-символикалық мәні және оның арғымақтық цирк өнерінің қалыптасуына әсері қарастырылады. Археологиялық, этнографиялық және тарихи деректерге сүйене отырып, жылқыны қолға үйрету тек экономикалық не технологиялық жетістік емес, көшпелі өркениеттің кеңістіктік танымын, дене эстетикасын және перформативтік мәдениетін қалыптастырған түбегейлі культурогенездік акт ретінде зерделенеді. Ботай мәдениеті мен дәстүрлі атбегілік салт-жоралғылар арқылы жылқы мен адам арасындағы үйлесімділік – кейінгі ұлттық ат ойындары мен кәсіби цирк трюктеріне ұласқанын көрсетеді. Мақала көшпелі мұра мен қазіргі цирктік орындаушылық мәдениет арасындағы сабақтастықты ашып, Орталық Азиядағы перформативтік өнердің тарихи генезисін қайта пайымдауға негіз қалайды. Сонымен қатар, жылқы культі мен шабандоздық (джигитовка) өнері қазақ мәдени жадысының өзегін құрайтынын дәлелдейді.
Түйін сөздер: жылқыны қолға үйрету, культурогенез, арғымақтық цирк өнері, қазақ даласы, көшпенділік мұрасы, перформативтік мәдениет








