Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі той мәдениетін тасымалдау механизмдері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259227Аннотация
Бұл зерттеуде дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі «тойдың» қазіргі қоғамдық даму контекстінде ұлттық құндылықтарды, әдет-ғұрыптар мен әлеуметтік нормаларды сақтау мен таратудың бір бағыты ретінде қарастырылады. «Той» материалдық емес мәдени мұра мен дамып келе жатқан заманауи тәжірибелердің тоғысында бола отырып, ол тек мереке ғана емес, сонымен бірге рухани және білім беру тәрбиесінің құралы ретінде қызмет етеді, қазақтың бірегейлігін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. Оның даму тарихындағы өзгерістеріне қарамастан, дәстүрлі қазақ мәдениетінде той ұрпақтан-ұрпаққа берудің маңызды арнасы болып қала береді. Осы шеңберде асаба той дәстүрлерін қалыптастыруға және сақтауға жауапты негізгі мәдени делдал ретінде әрекет етеді. Зерттеу асабаның қазіргі жағдайда той мәдениетін бейімдеуге және сақтауға ықпал ететін мәдени агент (реттеуші делдал) ретіндегі рөлін көрсетеді.
Ғылыми мақаланың мақсаты «той» қазақ мәдениетінің феномені ретіндег ірухани-ағартушылық тәрбие мен қазақ болмысын қалыптастырудағы рөлін анықтау.
Авторлар зерттеу мақсаттарына жету үшін сапалы зерттеу әдісін қолданды және респонденттерді таңдау үшін «қарлыкесек» әдісін қолданды.
Зерттеу Шымкент қаласында жүргізілді, ал респонденттер іс-шараларды ұйымдастыру агенттіктерінің мамандары, ұйымдастырушылар және тамада болды. Зерттеуде көрсеткендей, той мәдениеті және онымен байланысты этикет күннен күнге құлдырау үрдісінде, сонымен қатар ойын-сауықтың әртүрлі түрлерінің өсуі байқалады. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу құралы ретінде «той» маңыздылығы мен «асаба этикасы» және «той кодексі» сияқты стандартталған тұжырымдамаларды әзірлеу қажеттілігі атап өтіледі.
Зерттеу нәтижелерінде асаба қызметтеріне жоғары сұранысты көрсетеді: көптеген отбасылар іс-шараның сәтті, қызықты өтуіне айтарлықтай әсер ете алатын кәсіби жүргізуші үшін қомақты сома төлеуге дайындығы анықталды.
Аталмыш зерттеудің қатысушыларының санының аздығын оның бірқатар шектеулерін айқындады, себебі бұл ғылыми зерттеудің эмпирикалық бөлімі Шымкент қаласында жүргізілді, бірақ, «той» – динамикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан мәдени құбылыс болғандықтан және оның ұлттық мәдени континуумдағы рөлі ретінде терең түсіну үшін одан әрі зерттеулер жүргізу жоспарлануда.








