Ұлттық біртұтастықты қалыптастырудағы тілдің рөлі жөнінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259116Аннотация
Бұл мақалада авторлар тіл, ұлтшылдық пен ұлттық бірлік арасындағы күрделі байланыстарды қарастырады. Авторлар тілдің әлеуметтік-мәдени сипатына, оның интегративті мүмкіндігіне және ұлттық болмысқа ықпалына назар аударады. Авторлар тіл динамикасы мен оның ұлттық бірлікті нығайтудағы рөліне жаңаша көзқарас ұсынып, қалыптасқан теориялық және әдістемелік тәсілдерді жүйелейді. Авторлар тілдің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін, инклюзивтілікті және әлеуметтік жіктелуді азайтуға ықпалын атап көрсетеді. Тиімді тілді басқаруға және институционалдық қолдауға баса назар аудара отырып, авторлар қоғамның бірігуі мен тұрақтылығына ықпал ететін, осылайша тіл мен ұлтшылдық арасындағы күрделі қарым-қатынасты түсінуді арттыратын, сонымен қатар ортақ құндылықтарды нығайтуға, кедергілерді жеңуге және инклюзивтілікке ықпал ететін саясатқа назар аударады. сайып келгенде, неғұрлым тұрақты және үйлесімді әлеуметтік ортаны құруға көмектеседі. Бұл жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы сол сала мамандарына тілдің қоғамдық тұрақтылықтағы рөлінің күрделілігін түсінуге көмектесе алады.
Түйін сөздер: тіл, ұлттық бірлік, ұлтшылдық, постколониалдық теория, амбиваленттілік, гибридтілік, мимикрия.