Күнделікті мәдениет қазақ халқының феномені ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259115Аннотация
Зерттеу тақырыбы Қазақстанның мәдени дәстүрлеріне арналған, оның ішінде көшпенді мәдениеттің күнделікті өмірге әсері, сондай-ақ аймақтық ерекшеліктер мен олардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығын баяндайды. Жаһандану және әлеуметтік қайта құрулар жағдайында дәстүрлі мәдени элементтерді түсіну ұлттық бірегейлікті сақтауға және олардың қазіргі қоғамдағы рөлін бағалауға көмектеседі. Жұмыстың мақсаты қазақ мәдениетінің дәстүрлі және заманауи элементтері арасындағы өзара байланысты зерттеу, олардың әлеуметтік құрылым мен ұлттық сәйкестілік үшін маңыздылығын талдау. Негізгі бағыттарда қонақжайлылық, тағам, тіл және әлеуметтік нормалар сияқты дәстүрлердің Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ерекшеліктері, сондай-ақ кеңестік кезеңнің бұл дәстүрлерге әсері қарастырылған.
Түйін сөздер: көшпенді мәдениет, дәстүрлер, Қазақстан, аймақтық айырмашылықтар, ұлттық сәйкестілік.