Әл-Фарабидің ұлттық және әлемдік семиотикалық жүйедегі мәдени мұрасы: пошта маркасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a8

Аннотация

Мақалада араб-мұсылман шығысының көрнекті ойшылы, Дешті-и-Қыпшақтан шыққан Әбу Насыр Әл-Фарабидің әлемдік және ұлттық мәдениеттегі және почта маркасының заманауи дизайнындағы бейнесінің көркемдік тәжірибесі зерттеледі.

Негізгі мақсат – әл-Фараби бейнесін әлемдік бейнелеу және семиотикалық дәстүрде жасау тарихын жан-жақты зерттеу және әртүрлі уақыт кезеңдерінде шығарылған маркаларды қарап, олардың шежіресін жасау.

Мақаланың жаңашылдығы мен әдіснамалық құндылығы қазақ және әлем ғалымдары мен дизайнерлерінің мәдениет пен өнер тарихына қосқан үлесін бағалаудан туындайды. Авторлар аналитикалық, тарихи, семиотикалық және басқа зерттеу әдістерін қолданады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұлы ғалымның визуалды кескіндерінің классификациясын жасау болды.

Зерттеудің теориялық құндылығы түркі данышпандарының сан қырлы тұлғасының табиғатынан туындайды. Өнер тарихында бұл кескін туралы жүйелі зерттеулер әлі жоқ және болған жоқ. Пошта маркалары мен олар жасаған көрнекі бейнелер біздің қазіргі мәдениетіміз туралы көптеген түсініктер беретін бірегей мәдени нысандар болып табылады. Әл-Фарабидің мәдени-тарихи мұрасын насихаттау, болашақ дизайнерлер мен өнертанушыларды даярлау бойынша практикумдар жазу маңызды; әлемдік мәдениет тарихындағы ғалым ретінде әл-Фарабидің өсіп келе жатқан маңызы туралы айту қажет.

Зерттеудің құндылығы философтың қазақ жерінің тумасы болса да, түркі және араб-иран халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасы болып табылатындығымен негізделген: оның есімі Қазақ ұлттық университеті – елдің флагманы. Әл-Фарабидің көркемдік бейнесін жасауды зерттеу қоғамдық сананы жаңғырту үшін де, ғылымымыздың рухани жаңғыруы үшін де құнды білім беру, тәрбиелік, танымдық және мәдени маңызға ие.

Түйінді сөздер: әл-Фараби, дизайн тарихы мен теориясы, пошта маркасы, мәдени мұра.

Авторлардың биографисы

Қ. Рахманәлі, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Қазақстан, Алматы қ.

өнертану ғылымдарының магистрі, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушысы

Қ. Жанабаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркітану және тіл теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты

О. Абишева, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

доктор PhD, қаум.профессор

Как цитировать

Рахманәлі, К., Жанабаев, К., & Абишева, О. (2025). Әл-Фарабидің ұлттық және әлемдік семиотикалық жүйедегі мәдени мұрасы: пошта маркасы. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 90(4). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a8