Қараңыз экологияның этикалық аспектілері және оның қазіргі қоғамдағы маңызы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259114Аннотация
Мақала британдық философ Тимоти Мортон ұсынған қараңғы экологияның этикалық аспектілерін зерттеуге арналған.Қараңғыэкологияантропоцен дәуіріндегі адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің жаңа этикалық принциптерін ұсынатын экология философиясының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.Мақаладаантропоцентризмнен бас тарту және адамның әлемдегі орынын қайта қарастыруды және жаңа экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруды көздейтін өмірдің барлық түрлерінің құндылығын мойындау сияқты қараңғы экологияның негізгі принциптері талданады.Мақаладақараңғы экологияның табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасау әлеуеті, сондай-ақ оны қабылдаудың этикалық салдары қарастырылады."Гиперобъектілер" ұғымына – барлық тіршілік иелерінің өзара байланысын көрсететін жаһандық экологиялық құбылыстарға ерекше назар аударылады.Қараңғы экологияның этикалық аспектілері бойынша әрі қарайғы зерттеулердің неғұрлым тұрақты және әділетті болашақты қалыптастыру үшін өзектілігі атап өтілді.
Түйін сөздер: қараңғы экология, Тимоти Мортон, антропоцентризм, этика, экологиялық жауапкершілік, гиперобъектілер, тұрақты даму.