Халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы мәнмәтінде Беларусь Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ынтымақтастықтың саяси-құқықтақ аспектісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp20259119Аннотация
Бұл мақала халықаралық қатынастар жүйесі мен жаһандық басқарудың трансформациясы мәнмәтін Беларусь Республикасы мен Қытай Халық Республикасының екіжақты қатынастарының саяси-құқықтық аспектілерін талдауға арналған. Жаңа геосаяси көшбасшылардың күшеюіне байланысты бірполярлы либералдық әлемдік тәртіп біртіндеп ыдырауда. Беларусь Республикасы шағын немесе орташа держава ретінде жаһандық деңгейде ықпалды болуға ұмтылмайды. Алайда оның ұлттық мүдделері халықаралық жүйенің тұрақты және болжамды дамуын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды. Осы мақсатта Қытаймен ынтымақтастық ерекше маңызға ие, себебі ол көпжақтылық қағидаттарын ұстана отырып, жаһандық даму мен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл әріптестік Беларусь Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын, саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Беларусь Республикасының Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасында бұл геосаяси бағдар ресми түрде бекітіліп, оның сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты Беларусь-Қытай ынтымақтастығының саяси-құқықтық негіздерін ғылыми зерттеу өзекті болып табылады.
Түйін сөздер. Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, ұлттық мүдделер, екіжақты қатынастар, ынтымақтастық, стратегиялық саяси мақсаттар.
