Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері: әдеби шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a11

Аннотация

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту азаматтардың жергілікті мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету, азаматтық белсенділікті арттыру, саяси жүйедегі демократиялық басқаруды дамыту, азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау процесі туралы білімдерін кеңейту сияқты қажеттіліктермен дәйектеледі. Қазақстанда соңғы жылдары жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін күшейтуге бағытталған төртінші деңгейлі бюджетті енгізу, ауыл әкімдерін тұрғындардың тікелей сайлауына мүмкіндік беру сияқты бірнеше маңызды шешімдер қабылданды. Қабылданған шешімдер өз кезегінде осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың, жасалған өзгерістердің тиімділігін зерттеуге бағытталған академиялық жарияланымдар санын арттырды. Бұл зерттеу осы тақырып бойынша жарияланған ғылыми жарияланымдарды зерделеу мақсатында жүргізілді. Авторлар әдеби шолу әдісін қолдану жолымен соңғы жылдары осы тақырып бойынша жарияланған ғылыми жарияланымдарды топтастырып, оларда жазылған негізгі нәтижелер мен тұжырымдарды шығарды. Жиналған ақпараттардағы негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды синтездеу нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін әрі қарай дамыту үшін қажетті компоненттер мен назар аударылуы керек кемшіліктер анықталды. Зерттеу нәтижесінде күшті жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырудың өзекті мәселелері анықталып, осы саладағы мемлекеттік шешім қабылдаушылардың қарауына және зерттеушілер мен сарапшылардың талқылауына арналған тұжырымдар әзірленді.

Түйін сөздер: жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті басқару, ауыл әкімі 

 

Авторлардың биографисы

Е.Ә. Жұмашов, ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты», Қазақстан, Астана

Еркебұлан Әлімханұлы Жұмашов (корреспондент автор) – ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» директорының орынбасары (Астана, Қазақстан. e-mail: erkebulanzhumashov@gmail.com).

Н.С. Пұсырманов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазастан, Астана қ.

Нұрбек Серікұлы Пұсырманов – PhD,  ҚР ҒЖБМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» директоры (Астана, Қазақстан. e-mail: nurbekp89@gmail.com)

Г.Д. Тажибаева, «Pragma» зерттеу орталығы, Түркия, Стамбул

Гүлнәр Тәжібаева – PhD, «Pragma» зерттеу орталығының аға сарапшысы (Стамбул, Түркия. e-mail: gulnar@akdogu.com.tr )

М.К. Тулебаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Қазақстан, Астана

Меруерт Кенжебаевна Тулебаева - саясаттану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев Атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің "Саясаттану" Кафедрасының пост-докторанты (Астана, Қазақстан. электрондық пошта: meruken@mail.ru).

Как цитировать

Жұмашов Y. ., Пұсырманов N. ., Тажибаева G. ., & Тулебаева M. . (2025). Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың өзекті мәселелері: әдеби шолу. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 90(4). https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a11