ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРҒА ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp20259223
        168 86

Аннотация

Мақалада қазақстандық ғалымдардың толеранттылық тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеулеріне шолу жасалды. Қазақстандағы толеранттылықты зерттеудің білім беру, құқықтық, мәдени, саяси, діни салалардағы ерекшеліктері және түрлі әдіснамалық тәсілдері талданды. Қазақстан Республикасының Білім және жоғары ғылым министірлігінің Ғылым Комитетінің ұсынған тізімдеріндегі гуманитарлық саланың журналдарындағы мақалаларға сапалы талдау жасау арқылы ғылыми нәтижелер алынды. Осы зерттеу әдісіне сүйене отырып, біз келесі сұрақтарға жауап беруге тырыстық: қазақстандық ғалымдар толеранттылық ұғымына қандай анықтама береді?  Қазақстандық ғалымдар толеранттылықты зерттеуде қандай әдістерге сүйенеді? Қазақстанда толеранттылықты қалыптастырудағы білімнің рөлі қандай? Мақалаларда толеранттылықты насихаттауға бағытталған қандай мемлекеттік бағдарламалар пен құқықтық құжаттар талқыланады және олардың тиімділігі қандай? Жарияланымдарды талдау кейбір терминологиялық жіктеу жүргізуге және қазақстандық ғалымдарға келешекте зерттеу міндеттерін тұжырымдауға септесетін негізгі басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, аталған жарияланымдарды талдау қазақстандық ғылымның осы бағыттағы зерттелмеген мәселелерін айқындады.

Түйін сөздер: толеранттылық, құндылық, жаһандану, мемлекет, мәдениет, ұлттық бірегейлік.

Авторлардың биографисы

У.А Тунгатова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Алматы, Қазақстан

(корреспондент автор) – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті м.а. (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: tua20@mail.ru )

Д.С. Утебаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, эл.пошта: 28_dinar@mail.ru)

А.Т. Кулсариева, Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті, Иллинойс, АҚШ

University of Illinois at Urbana-Champaign (Washington, USA, aktolkyn777@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Тунгатова, У., Утебаева , Д. ., & Кулсариева, А. . (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ: ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРҒА ШОЛУ. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 92(2), 26–39. https://doi.org/10.26577/jpcp20259223