Орталық Азиядағы дінді секьюритизациялау: ұлттық қауіпсіздік пен дін бостандығы арасындағы тепе-теңдік

Авторлар

  • Ш.М. Жандосова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6151-3788

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp202591112
        129 128

Аннотация

Бұл мақалада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен діни сенім бостандығына конституциялық құқықты сақтау арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табуға назар аудара отырып, Орталық Азия елдеріндегі дінді секьюритизациялау үдерісі қарастырылады. Талдау заңнамалық базаны, статистикалық мәліметтерді және сараптамалық бағалауды зерделеуге негізделген, бұл діни саладағы мемлекеттік саясаттың трансформациясын жан-жақты сараптауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында діни әрекеттерді бақылау тетіктері мен олардың қоғамға тигізетін әсеріне баса назар аударылады. Шамадан тыс мемлекеттік реттеу нәтижесінде туындауы мүмкін діндарлардың радикалдануының ықтимал тәуекелдеріне ерекше назар аударылады. Жұмыс әдістемесі салыстырмалы талдауды, нормативтік құжаттар мен БАҚ материалдарының мазмұнын талдауды, сондай-ақ демографиялық деректерді, статистикалық талдауды қамтиды. Зерттеу нәтижелері аймақтағы дінді секьюритизациялау салдарының екіжақтылығын көрсетеді. Бір жағынан, бұл процесс ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң факторы болып табылатын діни экстремизм қаупін азайтуға ықпал етеді. Екінші жағынан, қатаң бақылау шаралары әлеуметтік шиеленістің күшеюіне және дінге сенушілердің жекелеген топтарының радикалдануына түрткі болуы мүмкін, бұл мемлекеттік саясатқа жаңа міндеттер туғызады. Алынған деректер негізінде мақалада діни саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Бұл ұсыныстар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ар-ождан бостандығын қорғау арасындағы нәзік тепе-теңдікті ескереді. Ұсынылған шаралар заңға бағынатын діндарлардың құқықтарына нұқсан келтірмей, экстремизмге тиімді қарсы тұра алатын діни қызметті реттеудің икемді және инклюзивті жүйесін құруға бағытталған. Қорытындылай келе, Орталық Азияның өзгермелі геосаяси және әлеуметтік шындығы жағдайында діни саланы басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін осы саладағы одан әрі зерттеулердің маңыздылығы атап өтілді.

Түйін сөздер: дінді секьюритилендіру, Орталық Азия, Ұлттық қауіпсіздік, діни сенім бостандығы, діни саясат, радикалдандыру, мемлекеттік реттеу

Автордың биографиясы

Ш.М. Жандосова, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан

ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас ғылыми қызметкері, PhD доктор (Саясаттану), қауымдастырылған профессор, (Алматы, Қазақстан, email: sholpan_zhandosova@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Жандосова, Ш. . (2024). Орталық Азиядағы дінді секьюритизациялау: ұлттық қауіпсіздік пен дін бостандығы арасындағы тепе-теңдік. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 91(1), 140–153. https://doi.org/10.26577/jpcp202591112