«Өзіңді отарлауға қатысу» немесе модернитиді жергіліктендіруде қазақтардың өз үлесі қандай
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a4Аннотация
Қазақтандағы бүгінгі постколониал, деколониал дискурстар мына екі маңызды мәселені нарратив алаңынан мүлде шығарып жіберді. Біріншісі- «өзіңді отарлауға қатысу» мәселесі, яғни отарлау бұл жергілікті халықтың өзінің тікелей атсалысуымен жүзеге асқандығын ескермеуге тырысады. Екіншісі, бұл преколониал кезеңдегі саяси-әлеуметтік құрылымды қайта бағалау мәселесі, яғни қазақ қоғамы колониализм келмес бұрын өзінің әлдеқашан терең дағдарыс ішінде болғанын ұмытуға тырысады, және оны өзіне сұрақ ретінде қойғысы келмейді. Бұл зерттеу әдетте постколониал қоғамдағы барлық саяси әлеуметтік мәселелерді негізінен колониализмнің нәтижесі ретінде қарайтын, сыртқы факторларға көбірек назар аударатын пост/де колониал теорияларға сыни тұрғыдан қарайды.
Түйінді сөздер: Постколониал Қазақстан; Өзіңді отарлауға қатысу; Модернити/Колониалити; Пре-колониал саяси және әлеуметтік құрылым; Дискурс анализ; Тарихты қайта жазу.