Орталық Азиядағы түрік халықтарында «ұл» және «қыз» сөздері арқылы құралған есімдер
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-04Аннотация
Зерттеуде Орталық Азиядағы түрік халықтарында балаларға қойылатын есімдердегі «ұл»
және «қыз» сөздері арқылы жасалған есімдер қарастырылады.
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда ата-ананың отбасындағы ең басты мақсаттарының бірі –
балалы болу. Балалы ата-ананың бала алдындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – баласына
әдемі есім қою.
Түрік халықтары басынан өткерген тарихи үдерісте ата-ананың бастан кешкен түрлі
уақиғалардың себептеріне байланысты әртүрлі ат беру дәстүрлері пайда болды. Осы дәстүрлер
бойынша қойылған аттар қоғамның тарихын, жағрапиясын, наным-сенімдерін, әлеуметтік
құрылымын, мәдени ерекшеліктерін көрсетеді.
Біз далалық зерттеулерде жасаған тұжырымдарымызға сәйкес, Орталық Азия түрік
халықтарының бала туылғанға дейінгі отбасылардағы жағдайлары, баланың дүниеге келу
сәтіндегі ерекше жағдайлар мен туғаннан кейін баланың өміріндегі басты оқиғалардың ат қоюда
үлкен рөл атқаратыны анықтадық. Орта Азия түрік халықтарында балаға қойылған есімдерде
жиі кездесетін «ұл», «қыз» сөздерімен жасалған есімдер көбінесе ұл балалы болу тілегіне
тікелей байланысты екені байқалады. Бүгінде, әсіресе, қазақтар мен қырғыздарда отбасында
қатарынан туған үш қыздың үшіншісіне әдетте «ұл» деген сөзбен жасалған есімдер қойылады.
Мысалы, «Ұлболсын», «Ұлболған», «Ұлжалғас», «Ұлерген» сияқты есімдер ұл балалы болу ниетін
тікелей аңғартса, «Қызтумас», «Қыздықой» сияқты есімдер қоғамда ұл баланың орнының қыздан
жоғарырақ екенін, отбасындағы қыздардың саны жеткілікті екендігін, енді ұлдар қажет деген
ниетті анық көрсететіндей. Зерттеуде әсіресе Орта Азия түрік халықтарында балаға қойылған есімдердегі ұл, қыз сөз
дерінің пайда болу себептеріне тоқталып, мұндай есімдерді қоюдың қоғамдағы себептері жан
жақты қарастырылады.
Түйін сөздер: дәстүр, ат қою, ұл, қыз, жыныс