Қазақстандағы саяси қатысудың сапалық және сандық өзгерістері: конвенционалдық және конвенционалдық емес түрлердің «азаматтық» және «саяси», «рационалдық» және «постматериалистік» арасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-010Аннотация
Саяси белсенділік пен қатысу деңгейі әдетте тұрақты және дамыған ұлттың элементі ретінде қарастырылады. Авторлардың пайымдауынша, Қазақстан үшін елдің табысты қарышты дамуына қолайлы жағдай жасау маңызды міндет болып табылады. Осылайша, мақаланың мақсатына саяси өзара әрекеттестік пен қатысу тұрғысында Қазақстандағы әлеуметтік және саяси оқиғалардың теориялық саладағы оқиғалармен қаншалықты сәйкес келетінін анықтау жатады. Мақала әдебиеттерге шолудан тұрады, авторлар әдебиеттердегі теориялық пайымдауларды жақында аяқталған зерттеу жобасы шеңберінде жиналған бастапқы сапалық және сандық деректермен расталған ахуалдарды талқылайды.
Авторлар Қазақстан ахуалы эмпирикалық зерттеушілер байқаған және теоретик ғалымдар талқылаған тенденциялардың айқын дәлелі болып табылатын саяси және азаматтық белсенділік пен қатысуды ажырату қиындап бара жатқанын, олардың түрлері мен құралдары сандық және сапалық тұрғыдан ұлғайып келе жатқанын, қатысудың бұл түрі «постматериалистік» ынталандыруға әсер ететіндігін бекітеді. Соңында, авторлар зерттеулер назары «рационалды таңдау» және «ресурстарды жұмылдыру» көзқарасынан «бірегейліктің» неғұрлым «постматериалистік» парадигмасына ауысып қана қоймай, Қазақстандағы саяси өзара әрекеттестік мен қатысудың соңғы үлгілері осындай дәлелдердің негізділігін атап өтеді.
Кілт сөздер: саяси қатысу, конвенциялық қатысу, конвенциялық емес қатысу, саяси қатысудың формалары мен динамикасы, саяси коммуникациялар.