Саяси құндылықтардың теориялық негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp202593315
        25 28

Аннотация

Бұл мақалада саяси құндылықтардың теориялық негіздері қарастырылады және олардың қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени және экономикалық өзгерістерге әсері зерттеледі. Аталмыш зерттеудің мақсаты - түбегейлі қоғамдық өзгерістер жағдайында саяси құндылықтардың саяси іс-әрекеттің қозғаушы күші ретінде және әлеуметтік құрылымның перспективалық моделін қалыптастырушы фактор ретінде маңыздылығын теориялық тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы саяси құндылықтардың қоғамның тұрақты дамуына және саяси плюрализмнің нығаюына әсерін көрсетуінде.

Саяси құндылықтар қоғамда шешуші рөл атқарып, саяси құрылымның негізін қалыптастырады. Бұл зерттеу қоғамның қазіргі жағдайындағы саяси құндылықтардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін, олардың өзгешеліктері мен даму үрдістерін жан-жақты талдайды.

Зерттеу әдістемесі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың саяси құндылықтар жөніндегі теориялық жұмыстарына талдау жүргізілді. Бұл әдістер саяси құндылықтарға қатысты көшбасшылық идеяларды және қоғамның саяси көзқарастарын анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері саяси құндылықтардың күрделі әлеуметтік феномен екенін және олардың ұрпақтар арасындағы айырмашылықтармен тығыз байланысты екенін көрсетті.

Сонымен қатар, Қазақстандағы саяси құндылықтарды зерттеу деңгейінің төмендігіне қарамастан, бұл бағытта маңызды зерттеулер бар.

Зерттеу құндылығы - қоғамдағы саяси құндылықтардың қалыптасуы және дамуындағы негізгі тетіктерді ашуда, сондай-ақ бұл құндылықтардың жалпы тигізетін әсерін кешенді түрде талдайды.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы саяси құндылықтарды дамытуға бағытталған саясаттарды жетілдіруге және саяси мәдениетті нығайтуға септігін тигізеді.

Түйін сөздер: құндылық, саяси құндылықтар, құндылықтар жүйесі, әлеуметтік құбылыс, демократиялық қоғам, мәдени факторлар, әлеуметтік өзгерістер.

Авторлардың биографисы

Г.К. Алибекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Саясаттануғылымдарының магистрі, 3-курс докторанты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУАлматы, Қазақстан, gaziza.alibekova@gmail.com, https:/orsid.org/ 0009-0001-1260-7921

Г.К. Абдигалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Философия ғылымдарының доктор, Профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы, Қазақстан, gulzhan0104gmail.com, https:/orcid.org/0000-0001-9264-9269

Жүктелулер

Как цитировать

Алибекова, Г. ., & Абдигалиева, Г. (2025). Саяси құндылықтардың теориялық негіздері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 93(3). https://doi.org/10.26577/jpcp202593315