Мәдени туризмді дамыту: «Ұлы дала көшпенділер әлемі» фестивалінің және Боралдай сақ қорғандарының маңызы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a7Аннотация
Аннотация. Туризм қарқынды дамып келе жатқан жаһандық сектор ретінде әлеуметтік-экономикалық өсу мен аймақтық дамуды айтарлықтай жылдамдатады. Материалдық және материалдық емес мұраларды қолдануды көздейтін мәдени туризм дәстүрлер, ескерткіштер, музыка, би және өнер арқылы жыл сайын миллиондаған келушілерді тартады. Түрлі деңгейлерде мәдени өзара әрекеттестікке ықпал ететін фестиваль секторы туризмнің ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады және де жергілікті экономиканы және өнеркәсіптік өсуді қолдайды. 2016 жылдан бері Қазақстанда «Ұлы дала көшпенділер әлемі» халықаралық этно мәдени фестивалі өткізіліп келеді. Көшпелілер спорты, дәстүрлі музыка, би және қолөнер түрлері бар бұл фестиваль Орталық Азия көшпенділерінің мұрасын дәріптеу және сақтауды көздейді. Бұл фестивальдың маңыздылығына қарамастан, фестиваль және Боралдай сақ қорғандарының археологиялық кешені туралы жергілікті тұрғындардың хабардарлығы шектеулі. Бұл зерттеудің мақсаты – жергілікті халықтың «Ұлы дала көшпенділер әлемі» фестивалі және Боралдай сақ қорғандары туралы ақпараттың халық арасында танымалдылығын арттыру. Зерттеу міндеттеріне фестивальге сипаттамалық талдау жүргізу, алматылықтардың хабардар болуына сауалнама жүргізу, хабардарлықты арттыру үшін деректі фильм жасау, фильмнің фестивальге және археологиялық ескерткішке баруға қызығушылыққа әсерін бағалау кіреді. Бұл зерттеу мәдени туризмнің жергілікті мұраны таныту және халықаралық алмасуды ынталандырудағы маңыздылығын көрсетеді.
Түйін сөздер: Мәдени туризм, «Ұлы дала көшпенділер әлемі» халықаралық этно мәдени фестивалі, Боралдай сақ қорғандарының археологиялық кешені, деректі фильм.