Саяси аспектіде тарихи жадыны зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-09Аннотация
Тарихи жадыны зерттеу саяси ғылымның маңызды аспектісі. Себебі, мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен дамуы мен халықтың бірегейлігін қаматамасыз ету барысында тарихи жад рөлі маңызды. Демек, Қазақстанның тарихи жады саясаты басқаларға артықшылығын көрсету, немесе қиын тұстарына қатысты басқаны кіналау емес, өзінің тарихын объективті зерттеу арқылы тарихи жадына сүйене отырып, өзінің шынайы болмысын анықтау. Қоғамымыздың орасан зор ішкі рухани байланысы, байлығы тарихи жадының қоры және оның тарихи санаға ықпалы арқылы ұлттық бірегейліктің өрісі кең болады. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік жүзеге асады. Сондықтан саяси ғылым тұрғысынан әлі зерттелмей отырған тарихи жад елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуын қамтамасыз етуде ішкі бірегейлікті жүзеге асырушы маңызды фактор ретінде өзекті мәселе. Зерттеулердің шашыраңқы болуы, жүйеленбеуі бұл мәселені зерттеуді теориялық, концептуалдық сипатта жүзеге асыруды қажет етеді. Зерттеудің мақсаты тарихи жадына қатысты тұжырымдарды талдау арқылы саясаттанулық анықтама беріп, оның түрлерін, бағыттарын анықтау үшін талдау жасалып, қорытынды алу. Мақалада шетелдік, отандық ғалымдардың тұжырымдары жүйеленіп, мазмұны бойынша классификацияланды. Жүйелік, классификация, аннология сияқты жалпығылыми әдістерге сүйене отырып, тарихи жадының пәнаралық сипаты анықталып, мәселеге комплексті қарау ұсынылды. Тарихи жад, әлеуметтік жад, ұжымдық жад, мәдени жад ұғымдары талданып, мазмұны ажыратылды. Тарихи жад ұғымымен қатар жүретін ұмыту ұғымы талданды. Өткеннің аспектілерін ұмытудың себептері көрсетіліп, оның елдің саясатына ықпалы анықталды.
Түйін сөздер: жады, тарихи жады, ұлттық идея, мәдени жады, ұлттық бірегейлік, ұлттық
код.