Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру: жергілікті мемлекеттік басқару органдарының кәсіби құзыреттілігін арттырудағы үздіксіз білім берудің рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-08Аннотация
Мақала Ханнс Зайдель Қоры мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы келісім шеңберінде 2023 жылы іске асырылған зерттеу нәтижелері негізінде жазылған. Бұл зерттеу ауылдық округтер, кенттер, ауылдар және аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғашқы өткізілген сайлауына әкімдердің қанағаттануы туралы 2021 жылы жүргізілген зерттеудің жалғасы болып табылады. Зерттеушілер жаңадан сайланған әкімдердің арасында белгілі бір құзыреттерді алу қажеттілігіне байланысты кейбір бағыттар бойынша шешім қабылдауда қиындықтар мен мәселелер туындауы мүмкін деп болжайды. Мақалада жергілікті мемлекеттік басқару өкілдерін оқыту қажеттіліктерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында әдістердің аралас түрі (сандық және сапалық) қолданылды. Осы мақсатта аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді (n=250). Зерттеудің екінші кезеңінде әкімдердің, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдар өкілдерінің қатысуымен терең сұхбат жүргізілді (n=29). Зерттеу көрсеткендей, жергілікті мемлекеттік басқару өкілдері арасында қарым-қатынас дағдыларын, қаржылық және құқықтық сауаттылықты, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени және психологиялық құзыреттіліктерді оқыту қажеттілігі бар.
Түйінді сөздер: оқыту, мемлекеттік басқару, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет, жергілікті атқарушы органдар, кәсіби құзыреттер, білім, мемлекеттік саясат.
.