Дүниежүзілік құндылықтарға шолу (ДҚШ): негізгі зерттеу бағыттары және Қазақстаннан мысалдар
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-012Аннотация
Дүниежүзілік құндылықтарға шолу (WVS - ДҚШ) зерттеушілерге түрлі әлеуметтік-саяси, экономикалық, діни және мәдени контексттердегі негізгі зерттеу бағыттарын талдау үшін баға жетпес деректер бере отырып, жаһандық әлеуметтік құндылықтарды айқындаудың басты құралы ретінде қызмет жасайды. Бұл мақалада ДҚШ-ға шолу жасалады және оның бүкіл әлемдегі әлеуметтік құндылықтар, көзқарастар мен нанымдар туралы түсінігімізді қалыптастырудағы маңыздылығы көрсетіледі. Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан қоғамы мысалына сүйене отырып, бұл мақала өзекті әлеуметтік мәселелерді зерттеу үшін ДҚШ деректерінің қалай пайдаланылғаныны талданады. Қазақстандық авторлардың зерттеу мақалаларына шолу жасау арқылы біз қоғамдық сенім, құндылық бағдарлары, жастар белсенділігі, отбасылық динамика, гендерлік теңдік, субъективті әл-ауқат, саяси тұрақтылық және құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу секілді тақырыптарды анықтадық. Сонымен қатар, біз осы зерттеулерде қолданылған әдеби шолу, кросс-мәдени салыстыру, әлеуметтанулық сауалнамалар және статистикалық талдау әдістемелік тәсілдерін зерделейміз. ДҚШ деректерінің жан-жақты қолданылуын түсіндіре отырып, бұл мақала ұлтаралық ынтымақтастықты дамыту және өзгермелі әлемдегі әлеуметтік динамика туралы түсінігімізді тереңдетудегі ДҚШ-дың пайдалылығына көңіл аударамыз.
Түйін сөздер: Дүниежүзілік құндылықтарға шолу, әлеуметтік құндылықтар, деректер, сенім, пікір.