Қазақ сахнасындағы шетел пьесаларының бүгінгі интерпретациясы
Кілттік сөздер:
Театр, классика, драматургия, режиссер, актер.Аннотация
Мақалада тәуелсіздік жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында классикалық шетел драматургиясының қойылу деңгейі сараланады. Әр жылдары қойылған К.Гоццидің «Турандот ханшайым», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», Г.Ибсеннің «Бақытты болған емеспін», Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат», Н.В.Гогольдің «Пара», А.П.Чеховтың «Шағала» қойылымдары талданады. Драма авторы ұсынған идеямен режиссері ұсынған ой-тұжырым арқылы қойылымның концепциясы қарастырылады. Жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа бейнелер жасаудағы режиссерлердің соны сахналық шешімдері сөз болады. Сондай-ақ, кейіпкер сомдаудағы актерлердің шеберлік деңгейі нақты мысалдармен дәлелденеді. Режиссерлердің әлемдік классиканың бүгінгі интерпретациясын ұсынуы арқылы ұлттық театр өнерінің жаңа сатыға көтерілгені анықталды.
Библиографиялық сілтемелер
2 Қабдиева С. Қазақ театры өзгерістер қарсаңында ма? //Қазақ әдебиеті. 4.2.2000. 3б.
3 Құндақбайұлы Б. Заман және театр өнері. – Алматы: Өнер, 2001 – 520 б.
4 Нұрпейіс Б. Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері (1915 – 2005): Монография. – Алматы:
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2014 – 520 б.
5 Холмогорова И. Герхарт Гауптман: Драма заката. – М.: ГИТИС, 2012. – 224 с.
6 Құндақбайұлы Б. Театр туралы толғаныстар. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. – 320 б.
7 Бөпежанова Ә. Гоголь – қазақ сахнасында // «Алтын орда», 14.06.2002.