Исламда «Инсан Кәміл» тұжырымдамасының Абайдағы «Ақыл» концептісімен үйлесімі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-02Аннотация
Зерттеудің мақсаты «инсан кәміл» тұжырымдамасы мен Абай Құнанбайұлының Қара сөздеріндегі «ақыл» концептісімен – өзара байланысын айқындау. Исламдағы «инсан кәмілдің» діни-философиялық аспектілеріне, оны талдап көрсеткен ойшылдардың көзқарастарына ерекше назар аударылды. Инсан кәмілдің әртүрлі нұсқалары тізіліп, оның пайда болу ерекшеліктері қарастырылды, соның ішінде Ибн Араби, әл-Ғазали, Қожа Ахмет Ясауидің онтологиялық және
антропологиялық концепцияларының мәні, атап айтқанда адам, болмыс, ақыл-ойдың рөлі туралы
ілімдері сараланды.
Зерттеу Абайдың қара сөздеріндегі символизмге негізделген категориялар, соның ішінде
«ақыл» мен «ақылды адам» ұғымдарының кемел адам сипаттамалары мен түсіндірмелерімен үйлесімділігін көрсетті. Бұл зерттеу тақырыптың теориялық негізіне қатысты ақпараттарды жинақтап, деректерді салыстырмалы-тарихи, диахронды және синхронды талдау арқылы ойшылдардың «ақыл» төңірегінде ортақ көзқарастарын анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу барысында Қара сөздердегі діни-антропологиялық түсінік пен ұғымдар, ақылдың
ғылыми-философиялық қызметі, кемел адам болмысын танытатын түрлі этикалық мәселелер, әрекет пен ниет қатынасы мәселесі, адамның рухани болмысының маңыздылығы анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін философия тарихы және дінтану пәндері бойынша Абайдың «ақыл» ұғымының ислам ойшылдарының «инсан кәміл» тұжырымдамасымен үйлесімділігі мәселесін айқындау бойынша пайдалануға болады.
Түйін сөздер: Инсан кәміл, ислам, онтология, Ибн Араби, әл-Ғазали, Қожа Ахмет Ясауи, Абай, ақыл, ақылды адам, Қара сөздер.