Шәкәрім Құдайбердіұлының "Мұсылмандық кітабы" еңбегінің генезисі және мәтіндік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-02Аннотация
Қазақ елінің ислам ілімінде жоғарғы білімнің иесі болған тұлғалары аз емес. Алайда әртүрлі себептермен сол ғалымдарымыздың лайықты бағасы берілмей, жасаған еңбектері ашылмай келе жатыр. Осы ағаттықты шешу мақсатында біз қазақтың ғалымы Шәкәрім Құдайбердіұлының ислам іліміндегі алған орнын, жазған еңбектерінің маңыздылығын анықтауға тырыстық. Шәкәрім Құдайбердіұлына жазушы, ақын, ойшыл деп xалық пен көптеген ғалымдар тарапынан атақтар беріліп қойылған қашан. Бірақ Шәкәрімнің еңбектері мен өміріне қарайтын болсаңыз Исламмен байланысын айналып кету мүмкін емес. Мақала Шәкәрім Құдайбердіұлының "Мұсылмандық кітабы" еңбегіне қатысты зерттеулер мен оған қатысты мағлұматтарды қамтиды. Еңбектің тілдік және стильдік ерекшеліктерін, оның ішнде ғалымның жазу кезінде ұстанған әдісі-тәсілдері жайында айтылады. Еңбектің басқа өзіне ұқсас еңбектерден айырмашылығы туралы сөз қозғалады. Еңбектің ішіндегі орын алған сөйлемдердің құрылымы талданады. Мақаланың барысында салыстырмалы әдісті қолдана отыра "Мұсылмандық кітабы" еңбегінің атына байланысты ашылмаған тұстары қаралды. Тақырыптық және мәтіндік салыстыру әдістері арқылы аталмыш еңбектің стильдік және мазмұндық ерекшеліктері анықталды. Тарихи салыстыру әдісі арқылы еңбектің қазақ халқының алдында маңыздылығы зерттелді.
Түйін сөздер: Мұсылмандық, тілдік, тақырыптық, мазмұндық, ерекшеліктер.