Қазақстандағы саяси құндылықтар мен түркі идеологиясының әсеріІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v89-i3-03Аннотация
Бұл жұмыс түркі идеологиясы мен саяси құндылықтарының Қазақстанға әсерін зерттеуге
арналған. Қазіргі қазақ қоғамында түркі халықтары ретінде қабылдауды дамытуға және жетілдіруге
бағытталған ұйымдық формаларды байқауға болады. Жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы
саяси құндылықтар мен түркі идеологиясының қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау,
сондай-ақ осы факторлардың әсер ету дәрежесін анықтау. Жұмыстың өзектілігі Орталық
Азияның саясатына қызығушылықтың артуы мен Қазақстанның саяси ықпалының күшеюімен
байланысты. Зерттеу әдістемесі алынған мәліметтерді талдау арқылы тұрғындар арасында
сауалнама жүргізу болды. Зерттеуге отандық зерттеушілер: Жетпысбаев С., Айымбет Ж., Жеңіс
Ж., Сәпиев Е., түрік зерттеушілері: Өктем К., Сейтак Б., Чемил Д. және шетелдік ғалымдар:
Аватков А., Хлихор Е. және т.б. Жұмыста түркі идеологиясы мен болмысының қалыптасу
мәселесіне қатысты зерттеушілердің пайымдаулары қарастырылған. Көшпелі өмір салты, ортақ
тарих идеялары, сонымен қатар тілдік ұқсастықтар түркі болмысының қалыптасуына негіз
ретінде берілген. Бұл еңбек түркілік бірегейлік пен идеологияны қалыптастыруға, яғни қоғамның
күнделікті аспектілерін зерттеуге басқаша көзқарасты ұсынады. Саяси құндылықтардың негізі
ретінде көптеген зерттеушілер: саяси ұйымдар, мәдени жақындық, әлеуметтік өзара әрекеттестік
сияқты аспектілерді бөліп көрсетеді.
Түйін сөздер: Қазақстан, саяси құндылықтар, түріктер, түркілер идеологиясы, саясат,
құндылықтар, экономика, қоғам.