Америка мен Қытайдың инвестициялық саясатта ұлттық мүдденің қамтамасыз етілу жолдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v.87.i1.010Аннотация
Мақала АҚШ пен Қытайдың инвестициялық саясатын және оның ұлттық мүддесін қамтамасыз етуге әсерін жан-жақты талдауға бағытталған. Екі елдің стратегиялары мен басымдықтарындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарға ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты-АҚШ пен Қытайдың инвестициялық саясатының негізгі қағидаттарын зерттеу, инвестици арқылы ұлттық мүддені қамтамасыз ету жолдарын анықтау және екі елдің инвестициялық стратегияларындағы ықтимал өзгерістерді бағалау. Зерттеу инвестициялық саясаттың экономикалық өсу мен технологиялық дамуға, сондай-ақ жаһандану жағдайында ұлттық мүддені қамтамасыз етуге қалай әсер ететінін түсінуге ықпал етеді. Зерттеу барысында әдебиет көздерін талдау, салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді талдау әдістері қолданылды. Зерттеу көрсеткендей, АҚШ жеке инвестиция мен инновацияны қолдауға бағытталған, ал Қытай стратегиялық маңызды салаларды дамыту үшін мемлекеттік инвестицияныы белсенді пайдаланады. Екі ел де өздерінің стратегиялық экономикалық және саяси мақсаттарын көрсететін тікелей шетелдік инвестицияны тарту мен реттеудің әртүрлі әдістерін қолданады. Зерттеу жетекші елдердің инвестициялық саясатының тетіктерін, олардың стратегияларын және халықаралық экономикалық ортаға әсерін түсінуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері жетекші елдердің тәжірибесін ескере отырып, тиімді инвестициялық саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін және халықаралық инвестиция мен экономикалық саясат саласында негізделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді.