ҚР сайлау жүйесіндегі партиялардың бағдарламаларындағы жастар мәселесі (2021, 2023 жылдардағы Парламент сайлауы)
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v90.i4.a10Аннотация
ҚР мәжілісіне өткен партиялар мен депутаттар сайлауына қатысушылардың бағдарламалық құжаттарындағы жастар мәселелерінің жалпы көрінісі талданады. Зерттеу барысында саяси партиялар жастардың мүдделерін тиісті түрде ескермегендігі анықталды. Саяси партиялардың жастардың мәселелерін ескеруден бас тартуы саяси апатияға, наразылықтың артуына әкеліп соғады. Партиялар әлеуметтік саясатты дамыту теориялары негізінде білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй және әлеуметтік қызметтер сияқты жастар мәселелерін шешуге бағытталған нақты стратегияларды жасау арқылы жастардың сайлауда қолдауына ие болу мүмкіндіктері бар. Алайда, Қазақстанда 2021 жылы және 2023 жылы өткен сайлауда партиялардың сайлауалды бағдарламаларында жастардың мәселелері толық қамтылмаған.
Бұл зерттеу аясында 2021 жылы және 2023 жылы сайлауға қатысқан партияларының бағдарламаларына салыстырмалы талдау, партиялар құжаттарындағы мәтіндерді мазмұнды талдау, бағдарлама ішіндегі жастар және олардың мәселелеріне байланысты қолданылатын сөздер мен ұғымдарға контент-талдау, мәтін ішінде “жастар” сөзіне сандық анализ, партиялардың бағдарламаларына өзара салыстырмалы талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес 2021 және 2023 жылғы Қазақстан Республикасының Мәжісіне өткен партиялар ішінде Аманат (бұрынғы Нұр Отан) партиясынан басқа партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында жастардың мәселесін шешуге фокус қоймағандары белгілі болды. Аманат партиясы жастардың басты мәселелерін атап өтіп, оларды шешу керектігін ескерген, бірақ барлық мәселелерін жіті баяндамаған. Сондай-ақ, “жастар” сөзін көп қолданған жалғыз партия екендігі анықталды. Жалпы, жастардың мәселелерін көп қамтыған Аманат партиясы болса, ҚХП партиясы жастардың басты 2 проблемасын шешу бойынша нақты қадамдар ұсынған. Қалған партиялар тек декларативтік сипаттағы шараларды ұсынады.
Түйінді сөздер: жастардың мәселелері, партиялар, саяси реформалар, сайлауалды бағдарлама, сайлау жүйесі