Әйелдердің Қазақстан Республикасының саяси өміріне қатысуы: заманауи тенденциялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.011
        213 166

Аннотация

Гендерлік теңдік пен әйелдердің саяси өмірге қатысуы қазіргі қоғамда талқыланатын негізгі тақырыптар қатарында. Сонымен қатар бүгінгі таңда әйелдердің бүкіл әлемдегі саясатқа қатысуын ілгерілетуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл мақалада Қазақстанның нақты жағдайы қарастырылады, гендерлік теңдікті нығайтудағы және әйелдердің саяси өмірге қатысуын кеңейтудегі мемлекеттің жеткен жетістіктері талданады. Заңнамалық шараларды, саяси бастамаларды және мәдени факторларды зерттей отырып, мақала Қазақстандағы әйелдердің кездесетін проблемалары мен мүмкіндіктерді және олардың саяси өкілдік пен шешім қабылдау процестеріне қатысуына қалай әсер ететінін терең түсінуге бағытталған.

Мақалада әйелдердің елдің саяси өміріне тең қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар талданды және әйелдердің саяси қатысуының қазіргі тенденциялары анықталды. Сондай-ақ, мақалада автор сарапшылар арасында жүргізген сауалнама нәтижелерімен бөліседі.

Түйінді сөздер: демократия, әйелдердің саясатқа қатысуы, әйелдер көшбасшылары, кемсітушілік, Қазақстан Республикасы, қазіргі тенденциялар

Жүктелулер

Как цитировать

Serikzhanova, A. (2023). Әйелдердің Қазақстан Республикасының саяси өміріне қатысуы: заманауи тенденциялар. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 86(4). https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.011