Қазақ фәльсафасындағы кеңістік пен уақыт философиясын басқа халықтардың философиялық дәстүрлерімен салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2024.v88-i2-04Аннотация
Кеңістік пен уақыт философиясы әртүрлі халықтардың мәдени, тарихи және философиялық дәстүрлері тұрғысында уақыт пен кеңістіктің табиғатын түсінуді байытатын философиялық зерттеулердің маңызды бағыты болып табылады. Бұл мақалада қазақ фәльсафасындағы кеңістік пен уақыт ұғымын қытай және грек сияқты басқа халықтардың философиялық дәстүрлерімен салыстырмалы талдау жүргізілді.
Мақалада осы тақырыпты жылдам технологиялық прогресс, климаттың өзгеруі, жаһандану және мәдени әртүрлілік сияқты сын-қатерлер мен өзгерістер әкелетін қазіргі әлемде зерттеудің өзектілігі көрсетілген. Кеңістік пен уақыт философиясы осы өзгерістердің біздің әлем туралы түсінігімізге әсерін терең түсінуге ықпал етеді.
Көшпелі мәдениетке, исламға және тарихи факторларға негізделген қазақ фәльсафасының философиялық көзқарастарын талдау осы философиялық дәстүрдің бірегей ерекшеліктерін ашады. Салыстырмалы талдау арқылы қазақ фәльсафасын басқа халықтың философиясымен салыстырылды. Қытай және грек философиясымен салыстыру мәдениеттер арасындағы философиялық ойды байыта отырып, уақыт пен кеңістікті түсінудегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеді.
Сонымен қатар, Қазақстандағы кеңістік пен уақыт философиясының қалыптасуына мәдени және тарихи факторлардың әсерін талдау осы факторлардың философиялық дәстүрлерді қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетеді.
Осылайша, бұл мақала қазіргі әлемдегі кеңістік пен уақыт философиясын зерттеуді жалғастыруға, біз кездесетін қиындықтар мен өзгерістерді жақсы түсінуге және оларды шешудің терең және теңдестірілген тәсілдерін жасауға шақырады.
Түйін сөздер: уақыт, кеңістік, мәдени факторлар, қазақ фальсафасы, философиялық дәстүрлер.