Руссо дилеммасы: тілілей демократияға қарсы өкілді демократия
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.04Аннотация
Жан-Жак Руссо – ағартушылық дәуірінің ең даулы философтар мен саяси теоретиктердің бірі. Оған француз революциясының террорынан бастап ХХ ғасырдағы оңшыл және солшыл тоталитарлық режимдерге дейінгі көптеген репрессиялық және радикалды қозғалыстар мен режимдердің идеологиялық негізін қалады деген айыптар тағылған. Алайда Руссоның жаңалығы оның билікті тек бір адаммен сәйкестендіруден бас тартуында жатыр. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Руссоның “Қоғамдық келісім” және “Польша үкіметі туралы пікірлер” атты екі еңбегіндегі саяси билік принциптері туралы ойларын салыстыру. Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы ерік, қоғамдық келісім, егемендік және тікелей демократия сияқты “Қоғамдық келісім” кітабында әзірленген негізгі ұғымдарға қысқаша шолу жасаймыз. Екінші бөлімде “Польша үкіметі туралы пікірлер” кітабында айтылған негізгі идеяларға тоқталамыз. Сосын, соңында Руссоның кейбір көзқарастарындағы концептуалды өзгерістердің себептерін анықтауға тырысамыз.
Түйін сөздер: Тікелей демократия, ұлттық дәстүр, Руссо, қоғамдық келісім, жалпы ерік, Польша.