Әли Шариати мен Гейдар жамалдың солшыл идеяларына салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.012Аннотация
Мақала ислам марксизмі бағытының өкілдері Иран ислам революциясы идеологы, ойшыл Әли Шариати мен ресейлік мұсылмандық, орыс әлемі мен ислам әлемі одақтастығына қатысты ойлардың иесі, исламшыл Гейдар Жамалдың солшыл діни идеяларына салыстырмалы талдауға арналған. Мақаланың мақсаты әлеуметтік теңсіздік орнаған, наразылық көңіл-күйі жоғары Қазақстан сияқты ел үшін діннің саясилануы, діни лозунгтар арқылы революция мен әсіресолшыл идеяларды негіздеудің потенциал қаупіне назар аудару, өйткені, мұндай тенденциялардың даму ықтималдығына негіз жоқ емес. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы мемлекеттің әлеуметтік саясатының катастрофалық сәтсіздігін көрсетті. Аталған тұрақсыздық жағдайында қандай идеялар саяси төңкеріске діни легитимділік беріп, саяси мобилизацияға жол ашпақ? Мақала Иран ислам революциясына негіз болған шетін идеялар тек шиғалық орта үшін емес, өзін суннилік бағытқа жатқызатын сенушілер үшін де тартымды бола алады деген тұжырымды негізге алады. Себебі, революцияға діни платформа қызметін атқарған шиға теологиясының көптеген элементін трансформациялап, конфессионал нейтрал идеология жасауға ұмтылған Гейдар Жамалдың идеялары орыстілді ақпараттық кеңістікте танымал екені жасырын емес. Аталған ақпараттық кеңістіктің мүшесі ретінде, Қазақстанда да мұндай идеялар таралу ықтималдығы бар. Сондықтан мемлекеттің тұрақтылығы үшін мұндай ойларға ғылыми талдау жасау аса маңызды болмақ.
Түйін сөздер: Әли Шариати, Гейдар Жамал, революция, ислам марксизмі, Иран Ислам революциясы, исламдық азаттық теологиясы, Еуразияшылдық.