Ноғай түркілерінің этномәдениеті және батыс қыпшақтардың көшпелі мұрасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.02Аннотация
Aннотaция. Мақаланың мақсаты – Орта ғасырлардағы ноғай түріктерінің этномәдени көшпелі кодын зерттеу, түркі философиясындағы «кемел адам» концепциясын қарастыру. Мақалада Ұлы Дала кемел адамының негізгі архетиптерінің жаңа типологиясы қарастырылады. Қазіргі түркі әлемінің рухани құндылықтарын мәдени-философиялық жүйелеуді жетілдіруге мүмкіндік беретін мәдени символизмге негізінделген ғылыми қағидаттар ұсынылатын болады. Көлемді өзгерістер орын алған қазіргі әлемде жаһандану мен мәдениеттердің бірігуі процестерінің маңыздылығы арта түсуде. Осы орайда рухани жаңғыру көздерін қарастыру сонымен бірге түркі халықтарының мәдени дамуы тетіктерінің басымдықтарын қайта қарау, түркі этникалық мәдениетінің тұтастай алғанда бірегей әрі ерекше іргелі рухани құндылықтарын сақтап қалу мәселесі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Түркі тілдес ойшылдар негізінен әрқашанда тұлғаның толыққанды философиялық бейнесін қалыптастыруға ұмтылған деген тұжырым жасалады. Адамзатқа философиялық көзқарас дүниенің мәнін айқындауды және оның қызметіндегі негізгі нысандарын нақты тарихи анықтайды, ондағы болмыстың әртүрлі тарихи түрлерін ашуды қамтиды. Орта ғасырларда өмір сүрген еуразиялық дана-ойшылдардың антропоцентристік философиясы адамзаттың дүниедегі алатын орны мен оның дүниеге қатынасын ашып көрсетеді, адам өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыра отырып, кім бола алады, қасиетті мен қасиеттінің арақатынасы қандай деген сұрақтарға талдау жасайды. Ол «мінсіз адам» болып табылатын мұрат.
Зерттеу жұмысында тек философия, тарих, мәдениеттану бойынша ғана емес, сонымен қатар мифология, эстетика, этнография сияқты білімнің басқа салаларындағы еңбектер пайдаланылды, өйткені ноғай халқының ежелгі тарихы мен мәдениетінің толық бейнесін беру қажеттілігі туындады. Негізгі түйіндер, біріншіден, дүниетанымдық көзқарастардың негізі болып табылатын халық аңыздары мен наным-сенімдерінде, салт-дәстүрінде, әдет-ғұрыптарында және т.б. көрініс тапты, ноғайлардың дүние суреттемелерінде бейнеленді.
Түйін сөздер: ноғайлардың түркі мәдениеті, Алтын Орда өркениеті, Дешті Қыпшақ, көшпенділік, орта ғасырлар, Ұлы Жібек жолы