Әл-Фараби философиясының негізгі аспектілері мен мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.3
        148 113

Аннотация

Мақалада әйгілі ортағасырлық философ Әл-Фарабидің ғылым классификациясының әлі зерттелмеген мәселелері қарастырылған. Авторлар ойшылдың гуманистік идеяларын жаңа жолмен ашады. Мақалада Әл-Фарабидің шығармашылығын талдаудың жаңа тәсіліне талпы- ныс жасалды. Авторлар ойшылдың философиясында жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі аспектілерін ашады. Сонымен қатар, ортағасырлық ғалымның философиясын талдаумен бірге, эпистемологиялық идеяларын да қарастырған. Бұл мақаланың теоретикалық маңыздылығы бойынша Әл-Фараби зерттеушілері мен Орталық Азияны зерттеуге бел буған ғалымдарға үлкен септігін тигізеді. Яғни, ойшылдың ілімдері әрдайым өзекті болып келетініне назар аударғымыз келеді. Ал, практикалық тұрғыда келешектегі кез-келген ғылыми еңбектерде, оқулықтарда, Әл- Фараби бойынша арнайы курстарда және студенттердің бағдарламасында қолданысқа ие бола алады. Мақаланың мақсаты-әл-Фарабидің бақытқа жетудің себебі мен мәнін түсінудің жаңа аспектілерін талдау. Сондай-ақ жоғарыда аталған аспектілермен бірге бұл мақалада қосымша мақсаттар қоямыз. Осы аталған мақсаттарға жету үшін бірнеше зерттеу әдістерін қолдандық, олар: жүйелеу, индукция, әдебиетке шолу және дедукция. Зерттеу барысында біз ежелгі мәдени дәуірге жататын Әл-Фараби – керемет араб тілінде сөйлейтін мұсылман өркениетінің жарқын өкілі болды деген қорытындыға келдік. Оның еңбектерінде біз инстинктивті тәжірибе, адамгершілік, білім мен наным, ғылым мен дін туралы көптеген маңызды идеяларды таптық.

Түйін сөздер: Пантеизм, бақытқа жету, ғылыми құндылық, бәрін білу, догматикалық құдайлық, ғылыми білімнің жіктелуі.

Жүктелулер

Как цитировать

Chongarov, Y., Akberdiyev, Y., & Adilbayev, A. (2023). Әл-Фараби философиясының негізгі аспектілері мен мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 84(2), 24–31. https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.3