Қолөнер: мәдени философиялық пайымдау тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.07
        115 85

Аннотация

Қолөнердің көп өлшемділік феномені және оны зерттеудің аспектілері өзінің заттық сфера көкжиегі бар және нақты ғылыми қызығушылықпен байланысты теориялық –әдістемелік тұрғыдағы сұрақтарды тудырады, және осы мақалады өзінің зерттеу тауашасын табады. Жұмыстың мақсаты-осы құбылыстың болу мәселелерін өзектендіретін философиялық және мәдениеттанудан кейінгі постклассика дискурсының фокусында қолөнерді түсінуге тырысу болып табылады. Бұл қазіргі мәдениеттегі қолөнердің интеллектуалды рефлексияның шетінде болуымен байланысты, дегенмен оған бүкіл әлемде және Қазақстанда тәжірибелік қызығушылық артып келеді. Қолөнер негізінен этнографиялық, мәдениеттанулық, өнертану зерттеулері аясында прагматикалық, эстетикалық, семиотикалық, көркемдік аспектілерде зерттеледі. Бірақ бұл құбылыстың онтологиялық табиғаты және оның маңызды негіздерін анықтау мәселелері әлеуметтік-гуманитарлық саланың әдіснамасында тиісті түрде экспликациясы жоқ. Мақалада жасалған қолөнерді талдау «қолмен өндіру» терминінде көрсетілген оның анықтамасының мағынасын түсінудің, интепретациясының шектеулілігін көрсетті.  Бұл, өз кезегінде, қолөнердің түсінігі мен мәдени мағыналарын толық ашуға, оны түсінудің өзгергіштігіне жол бермейді. К.Леви-Стросстың құрылымдық антропологиясының, М. Хайдеггердің онтологиялық феноменологиясының негізгі тұжырымдамаларын талдау қолөнер құндылығының «адамдық» мазмұнын, оның «көмекші» жадын сақтайтын мәдени құбылыс ретіндегі онтологиялық маңыздылығын - қоршаған әлемге тікелей сезімталдықтың көрінісін ашуға ықпал етті. Зерттеу нәтижелері материалдық емес мәдени мұра ретінде қолөнер құбылысы мәселелеріне қызығушылық танытқан мәдени, ғылыми, білім беру қауымдастықтарының тәжірибесінде теориялық және әдіснамалық материал ретінде керек болуы мүмкін. Мәдениет онтологиясы мен оның элементтерін зерттеушілер үшін қолөнер құбылысын философиялық және мәдени тұрғыдан түсіну тәжірибесі бар жұмыстың аналитикалық бөлігі қызықты болуы мүмкін.

Зерттеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің AР09259862 «Қазіргі Қазақстанның дәстүрлі қолөнерін зерттеу: жағдайы және сақтау жолдарын іздестіру» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Кілт  сөздер: қолөнер, көмекші, зат, өнім, құндылық

Жүктелулер

Как цитировать

Naurzbaeva А. (2023). Қолөнер: мәдени философиялық пайымдау тәжірибесі. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 85(3). https://doi.org/10.26577/10.26577/jpcp.2023.v.85.i3.07