Ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың өзара байланыстары: сапалық контент-талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.8
        107 209

Аннотация

Біз қазіргі заманғы зерттеулерде жаһандану тұрғысынан ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың шынайы мәселелерін қарастыруы маңызды деп санаймыз. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – осы мәселеге қатысты шетелдік ғалымдардың көзқарастарын жүйелеу. Осылайша, біз қазақ және орыс тілдерінде жазылған ғылыми әдебиеттерді елемейміз. Бұл зерттеуде «Nationalism and nation-building» және «Nation-building and nationalism» басты түйін сөздер ретінде алынды және негізгі міндетті шешу бағытында «Scopus» базасында индекстелген мақалаларға сапалық контент-талдау жүргізілді. Мақала авторы зерттеу нәтижелерін орындау үшін 41 ғылыми әдебиетке басымдық берді. Ұлттық құрылысты зерттеген ғалымдардың көпшілігі ұлтшылдықты ұлттық құрылыстың бір түрі шеңбері қарастыруға бейім. Біз бұл идеядан бас тартпаймыз, бірақ зерттеу міндеттерін шешуге бағытталған 3 зерттеу сұрақтарына (ЗС) жауап іздейміз. Мақала нәтижелері және талқыламасының бірінші бөлімінде ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың өзара байланыстары 17 ел мысалындағы көріністері талқыланады. Бұл бөлімде орыс, неміс, испан, малай ұлтшылдығына және социализм идеяларының ұлттық құрылысқа ықпалы секілді өзге де мәселелерге мән береміз. Зерттеудің екінші бөлімінде ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың мәдени қырлары және білім беру процесіндегі рөліне назар аударылады. Бөлімде ұлттық және мәдени бірегейлікті анықтаудағы тілдің маңыздылығы, білім беру жүйесін демократияландыру және тарихи білім беруді реформаландыру, биоэтика саласының ұлттық құрылысқа ықпалы сынды т.б. мәселелерді талқыладық.

Түйін сөздер: ұлтшылдық, ұлттық құрылыс, мемлекеттік құрылыс, ұлтшылдық түрлері, бірегейлік түрлері.

Жүктелулер

Как цитировать

Nassimov, M. O. (2023). Ұлтшылдық және ұлттық құрылыстың өзара байланыстары: сапалық контент-талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 84(2), 72–86. https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.84.i2.8