Қазақстандағы жастардың ішкі көші-қон мәселелері мен болашағы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.10Аннотация
Зерттеудің негізгі мәселесі – Қазақстан жастарының басым бөлігі тұрақты түрде шет мемлекеттерге жұмыс істеу үшін елден кетуіне байланысты. Бұл мәселенің шешімін табу үшін еліміздегі жастардың жұмыс істеуі мен оқуы үшін тұрақты нормалар мен әлеуметтік жағдайларды жасауымыз керек. Осы бағытта, біздің зерттеуімізде шетелдік және отандық ғалымдардың тәжірибесі сараланды.
Оның негізгі себептерін зерделеу үшін бұл мақалада еліміздің жастарын дамытудың өмірлік ұстанымдары мен идеяларын қарастырамыз. Бұл зерттеу жастардың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелерін анықтауға, жастардың ішкі көші-қонымен байланысты әлеуметтік проблемаларды жоюға бағытталған одан әрі зерттеулер мен шешімдер қабылдау үшін жас мигранттарды толғандыратын мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға, азаматтық қоғамдық ұйымдарға жолданған және жас мигранттардың әлеуметтік шиеленіс көзі бола алатын проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Зерттеу нәтижелері мигранттардың көпшілігінің зейнетақы қорларында есепшоттары жоқ екенін және олардың балаларына арналған әлеуметтік төлемдер мен басқа да әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндіктері жоқ екенін көрсетті.
Зерттеу барысында еліміздің әр өңірінен бес жүзден астам респонденттер мен 18 бен 28 жас аралығындағы студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Шетелде жұмыс істейтін жастардың статистикалық мәліметтеріне салыстырмалы талдау жасалды. Нәтижесінде Қазақстан жастарының шетелге кетуінің негізгі себептері мен салдары анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін саясаттану және әлеуметтану пәндері бойынша жастардың көші-қон мәселелесі бойынша пайдалануға болады.
Түйін сөздер: Қазақстан жастары, ішкі миграция, шетелде білім алу, әлемдік интеграция, әлеуметтік қолдау