Цифрлық трансформация аясындағы ғылыми этика
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.83.i1.2Аннотация
Бұл зерттеу барысында цифрлық трансформация терминіне байланысты анықтамалар талданады. Осы зерттеу арқылы академиялық зерттеулерге және цифрлық трансформацияның ғылыми зерттеулерге әсері туралы қоғамдық дискурстарға үлес қосуды көздейміз. Біз тәртіптік және ұлттық шекаралар шегінде және одан тыс ғылыми зерттеулер үшін деректер инфрақұрылымына және олардың салдарына ерекше назар аударамыз. Зерттеу ғылым мен технология зерттеулерінен, ғылым тарихы мен философиялық тәсілдер қолдану арқылы, цифрлық гуманитарлық ғылымдар саласындағы цифрлық құралдарды қолданудағы тәжірибемізді ой елегінен өткізу және бөлісу. Сонымен қатар, цияфрлық трансформацияның ғылым дамуына амбивалентті әсерлері қарастырылды. Цифрлық трансформацияның сипаттамалары талданды. Цифрлық трансформация мен ғылыми этика арасындағы мәселелер қарастырылды.
Түйін сөздер: цифрландыру, цифрлық трансформация, ғылыми этика, технология, деморкатиялық ашықтық, қолжетімділік, ашық пайдалыну, цифрлық инфрақұрылым, плагиат, интернет кеңістік, ғылыми кеңістік.