Қазақтың беташар үйлену рәсіміндегі қалыңдықтың «өлімі” мен «тірілуінің” символдық мотиві: дәстүр және қазіргі заман

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.06
        190 100

Аннотация

Қалыңдықтың «бетін ашу» рәсімі көптеген түркі халықтарында этнографиялық қазіргі заманда қолданылады, таза фонетикалық атаумен ұқсас, яғни: қазақтарда “беташар”, қырғыздарда “бет ачар”, татарларда “бит ачар” және басқалары.

Бүгінде бұл рәсім барлық түркі халықтарында қалыңдықтың көпшілік алдында ұсынылуы ретінде, ал келін үшін күйеу жігіттің отбасымен және көптеген туыстарымен танысу ретінде түсіндіріледі. Бірақ, оның айқын көрінетін функциясы әлдеқайда терең мағынаны жасырады.

Шартты түрде беташар рәсімін өзара байланысты: қалыңдықтың үйлену тойына киімін дайындау, әкесінің үйде өткізілетін рәсімдер және күйеу жігіттің үйінде бетті ашудың қоғамдық процесі атты үш кезеңге бөлуге болады. Олардың тарихи ретроспективадағы сипаттамасы, талдауы мен жіктелуі “беташар” қазақ ритуалының ерекшеліктерін және оның өңірлік айырмашылықтарын ғана емес, сонымен қатар туысқан халықтар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды да анықтауға мүмкіндік береді.

Демек, зерттеу барысында ретроспективті, салыстырмалы, құрылымдық-функционалды және семиотикалық тәсілдер қолданылды. Жалпы түркі мұрасы ретіндегі беташар рәсімінің маңыздылығы жаһандану дәуірінде ғана күшейе түсіп, олардың жиынтығы семантикалық құрылымның фактуралық көрінісін қамтамасыз етеді. Мақалада 2010-2019 жылдары Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жиналған “беташар” салт-дәстүрінің заманауи тәжірибесі бойынша далалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Мақала Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің АР09259280 «Қазақ мәдениетінің тілдері этникалық бірегейліктің негізі ретінде: семиотика және семантикасы” жобасы аясында дайындалған.

Түйін сөздер: «беташар» үйлену рәсімі, дәстүр, қазіргі заман, сәукеле, «өлім» және «тірілу» символдық мотиві, қазақтар, параллельдер мен ұқсастықтар, түркі мұрасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Shaygozova, Z., & Ibragimov А. (2023). Қазақтың беташар үйлену рәсіміндегі қалыңдықтың «өлімі” мен «тірілуінің” символдық мотиві: дәстүр және қазіргі заман. ҚазҰУ хабаршысы. Философия, саясаттану және Мәдениеттану, 86(4). https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.06