*Абайдың экзистенциализмі
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v80.i2.02Аннотация
Аңдатпа. Мақала қазақтың ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының экзистенциалдық көзқарастарын зерттеуге арналған. Философиялық антропологиядағы ең күрделілердің бірі болып саналатын өмірдің мәні мәселесін зерттеудің өзектілігі қазіргі заманғы философияның ішкі даму қажеттіліктерінен ғана емес, бүгінгі күннің талаптарынан да туындайды. Өмірдің мәні туралы сұраққа жауап таба алмай қиналған адамға архикүрделі абстрациялар емес, оның күнделікті өмірінде кездесіп отырған практикалық мәселелерді философиялық талдау қажет болып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының белгілі ойшылдарының, соның ішінде Абай Құнанбайұлының баға жетпес адамгершіліктік-философиялық мұрасына үңілу зор теориялық және практикалық маңызға ие. Абай өмірдің мәнін адамның ең жоғары мақсатқа – саналы тіршілік етуші атағына сай өмір сүру деп түсінді.
Оның ойынша, бұл адамның адамгершілік және рухани жетілдіру жолында талмай еңбектенуін білдіреді. Тікелей, өзін өзі осылайша танып-білу арқылы ғана адам болмыс логикасына әсер ете алады. Абайдың пікірінше, адамның өмірін құрастыратын басқалар емес, тек өзі ғана және өмірі мен өліміне нағыз мән беру де оның өз қолында.
Түйін сөздер: адам, өмір, өмірдің мәні, экзистенция, адамгершілік, өлім.
*This research is funded by the Science Committee of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan (Grant No. AP08856067)